Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі – бұл ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оны болдырмаудың тиімді құралдарының бірі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің нәтижесінде жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауымен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ компанияға (тек материалдық қана емес, беделдік те) залал келтіру тәуекелі төмендейді. Осы мақсатта «МӘСҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 7 хаттама) Қордың ішкі аудит қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функциясы жүктелген.
«МӘСҚ» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге сәйкес Ішкі аудит қызметі Қордың Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.
Комплаенс - қызметінің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың ықтимал немесе белгілі жағдайлары туралы ақпаратты мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы хабарлауға болады:
Сенім телефоны - 8 (7172) 983-919
Электрондық пошта мекенжайы: info@gfss.kz
Пошта мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17-үй (15-қабат)