2019 жылдың 14-16 мамырында Баку қаласында (Әзірбайжан) Еуропа елдері үшін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша өңірлік форум өтті. Форумды ұйымдастырушы Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (бұдан әрі – ХӘҚҚ) мен Әзірбайжан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Конференцияның жұмысына ХӘҚҚ Президенті Йоахим Бройер және ХӘҚҚ Бас хатшысы Марсело Аби-Рамиз Каэтано, сондай-ақ 35 елден 280 қатысушы қатысты.

Форумның негізгі тақырыбы Еуропадағы әлеуметтік қамсыздандырудың алдында тұрған 10 жаһандық сыни-қатерлерді талқылау болды. Еңбек нарығындағы өзгерістер мен цифрлық экономика халықтың қартаюымен және технологияның дамуымен бірге Еуропадағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің алдында тұрған маңызды қатерлер болып табылады.

Осы басты қатерлердің сипаты барлық әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің белгісіздік жағдайында жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. Кейбір жағдайларда бұл әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларының негізгі мақсаттарын қайта ойластыруды талап етеді. ХӘҚҚ Бас хатшысы Марсело Аби-Рамиз Каэтано: «Еуропадағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің алдында тұрған маңызды сыни қатерлерді жеңу үшін инновацияларға ерекше назар аудару қажет. Бұл міндетті олар шеше алады» - деп атап көрсетті.

«МӘСҚ» АҚ Президенті А.М.Құрманов Форумның панелдік сессиясында:

1) Қазақстан Республикасындағы еңбек миграттарын әлеуметтік қамсыздандыру;

2) Міндетті әлеуметтік сақтандырудың ұзақмерзімді иммитациялық моделі тақырыптарына баяндама оқыды.

Сонымен қатар ХӘҚҚ әр үш жыл сайын Өңірлік форум және әлеуметтік ,қамсыздандыру саласындағы үздік тәжірибелерге конкурс өткізеді. Форум аясында Халықаралық жюри алдыңғы қатарлы тәжірибелері үшін Еуропаның 11елінен 12 мекемеге құрмет грамоталарын тапсырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына:

1) ХӘҚҚ «Еуропа елдері арасындағы үздік тәжірибе 2019» Конкурсының: «Бала күтімін қамсыздандыру моделі» САПА СЕРТИФИКАТЫ;

2) ХӘҚҚ «Еуропа елдері арасындағы үздік тәжірибе 2019» Конкурсының: Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ұзақмерзімді имитациялық моделі АТТЕСТАТЫ берілді.

Тұтастай алғанда, цифрлық экономика, еңбек нарығын трансформациялау, демографиялық өзгерістер және қоғамдық болжамдардың артуы әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін тұрақтылықты кепілдендіретін, жәрдемақылардың адекваттылығын қамтамасыз ететін және жұмыскерлердің барлық түрлерін әлеуметтік қорғаумен қамтуды қолдайтын инновациялық әдіс тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз етуше мәжбүрлейді. Сонымен бірге, жаңа технологиялар әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне қызметтерге жаңа қажеттіліктерге бейімделуге, жұмысты жаңдандыруға және халықпен араласуға мүмкіндік береді.