Кездесу барысында мобильдік топ мемлекет Басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңа бастамаларын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Әлеуметтік кодекс жобасының бөлімдері туралы баяндады. Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді ең төменгі жалақыны және жұмысынан айырылу бойынша төлем мөлшерін арттыру мәселелері туралы сұрады.

«Қазақстанда ең төменгі жалақы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады және барлық жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖТМ 70 мың теңгеге дейін арттырылатын болады, бұл 1,8 млн.адамды қамтуға мүмкіндік береді» - деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғ. Мейірманов.

Бұдан басқа, Н. Кемел жұмыстан шығу себебіне қарамастан МӘСҚ-дан жұмыскерге жұмысынан айырылуы жағдайына төленетін төлемдер бойынша жеке түсіндірді: «мемлекет Басшысының Жолдауы аясында жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түскен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысының 45% - на дейін арттырылады. Бұл 2023 жылы 117 мыңнан астам адамды қамтиды».

Сондай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру, нндірістегі жазатайым оқиғалардан әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастарын реттеу бойынша да сұрақтарға жауаптар берілді.