Бұл тұралы біздің сайттағы тексеру қызметтің пайдаланып біле аласыз.

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ғана теру жеткілікті және Сіз жұмыстан айырылғанда жәрдемақы аласыз ба, қанша айға, қайда жүгіну қажет және қандай құжаттар қажет екендігі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігіңіз бар.

Қызмет www.gfss.kz сайтының «Электрондық қызметтер/ Жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқық» бөлімінде немесе сайттын басты бетінің сол жақ жоғарғы жағындағы жылдам қатынау сілтемелесін таңдау арқылы қолжетімді

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлем жұмыссыз қалған тұлғаларға тағайындалады. Сондықтан жұмысынан айырылған жағдайда бірден Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге және жұмысынан айырылған жағдайда төленетін төлемге жүгіну қажет.

Осы төлемді алу мерзімі – 1 айдан 4 айға дейін. Төлем мерзімі штат қысқартылған жағдайда, кәсіпорын таратылғанда және өндіріс көлемі төмендеген жағдайда жұмыстан босатылғанда 6 айға дейін ұзартылады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi еңбек өтiлi мен жеңiлдiктердiң мөлшерi арасындағы қатынастарды нығайту мақсатында «Міңдеттіі әлеуметтік сақтандыру туралы» заң Жобасы әзірленген.

Заң жобасында жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін табысты алмастыру коэффициентін 30% - дан 40% - ға арттыру, сондай-ақ жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімін жүйеге қатысу өтіліне байланысты ұзарту көзделген.