Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтар үшін қосымша ыңғайлы ақпаратты ұсыну қызметін үнемі жақсартуға тырысады.

Азаматтарды ақпараттандыру бойынша осындай қызметтердің біреуі кері қоңырауға тапсырыс беру болып табылады.

Егер қоңырау шалуға мүмкіндігініз болмаса, біздің мамандар өздері Сізбен хабарласады. Бұл үшін телефон нөмірін және тұрғылықты аймағынызды жазу қажет.

Қызмет www.gfss.kz сайтының басты бетінің жоғары бөлігінде немесе оң жағындағы жылдам қатынау сілтемелесін (телефон тұтқасының суреті)таңдау арқылы қолжетімді. Қызмет тегін болып табылады.