Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) еліміздегі азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде үнемі кең ауқымды жұмыстар атқаруда.

2018 жылдан бастап еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру саласында әлеуметтік қызмет көрсетудің модернизациялау концепциясын жүзеге асыруға, жаңа форматтағы АӘК енгізуге байланысты жаңа реформалар жүзеге асырылады.

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру және күшейту мақсатында 2017 жылғы 15 қарашада МӘСҚ қызметкерлері Маңғыстау облысы әкімі Тоғжанов Ералымен кездесіп, әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетованың жетекшілігімен өткен кеңес жұмысына қатысты.

Кеңеске Маңғыстау облысының келесідей әлеуметтік-қаржылық құрылымдардың басшылары қатысты: Мемлекеттік кірістер департаменті, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» филиалы, Кәсіпкерлері палатасы, өңірлік кәсіподақтар ұйымдары және т.б..

МӘСҚ мамандары қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша халыққа түсіндіруді ұлғайту жұмыстары туралы және Маңғыстау облысының Жұмыспен қамту орталығы бойынша жұмысынан айырылған жағдайда «композиттік» қызмет көрсету бойынша ақпарат берді.

Жиналғандардың алдында МӘСҚ мамандары әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуіне, дағдарысқа қарсы штабтың жұмысына, мемлекеттік органдар мен МӘСҚ филиалдарының өзара әрекеттесу қажеттілігіне, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер палатасы жұмыстарының маңыздылығына аса назар аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша келесідей қорытындылар шығарылды: МӘСҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының мамандарын Дағдарысқа қарсы штаб құрамына енгізу мәселесін қарастыру және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын төмендету жұмыстарын күшейту.

Сол күні облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы базасының негізінде «МӘСҚ» АҚ мамандары мен Ақтау қаласының кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды, кездесу барысында әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарының дұрыс төлену мәселелері қарастырылды, әлеуметтік-еңбек және салық саласындағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушылары мен студеттермен кездесу өткізілді. Қордың қызметкерлері қатысушыларды толғандыратын сұрақтарына жауап берді.