«МӘСҚ» акционерлік қоғамында филиалдардың қатысуымен қорытынды жиналыс өтті. Кеңес 2018 жылғы жұмыстың қорытындысын шығару және 2019 жылға арналған міндеттерді анықтау мақсатында өткізілді. 

Кеңесте кәсіпорын қызметінің алдын ала қорытындылары шығарылды, әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру, әлеуметтік аударымдар түсімі, талап-арыз жұмысын және ақпараттық-түсіндіру қызметін жүргізу мәселелері қаралды.    

Сөз сөйлеушілер қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар және Жұмыспен қамту орталықтары мен медико-әлеуметтік сараптаманың құрылымдық бөлімшелері арқылы жұмысынан айырылуы және еңбек ету қабілеттерінен айырылуы бойынша «композиттік» қызметтер көрсету туралы ақпараттармен таныстырды. ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерінің өңірлерде өзара байланысын жүзеге асыру бойынша түсіндірмелер берілген. Сонымен қатар, әлеуметтік аударымдарын уақытында төлеудің маңыздылығы, дағдарысқа қарсы штаб жұмысы, МӘСҚ филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыстың қажеттілігі аталып өтілді. Кеңестің нәтижесі бойынша әлеуметтік төлемдер алу үшін мемлекеттің беретін құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды жақсарту мақсатында әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қысқартуда жұмыстарды жақсарту жөнінде шешім қабылданды.

Сонымен қатар жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы бойынша мәселелер де талқыланды.

Заң жобасы Мемлекет Басшысының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Мемлекет Басшысы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен еңбек өтілі арасындағы өзара байланысты күшейтуге тапсырма берді.

Жиын соңында «МӘСҚ» АҚ Президенті С.С. Дюсенова құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді.