Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында Қазақстанда Бесінші реформаны іске асыру мақсатында дамыған елді қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан ашық үкімет енгізу бойынша барлық шараларды қолдануда (94-қадам) және статистикалық деректер базасына (96-қадам) онлайн қолжетімділкті қамтамасыз етуде және мемлекеттік органдардың есептілік санын арттыруда бірқатар іс шаралар ұйымдастырады.

Осы жұмыстың негізгі аспектісі болып, оның ішінде тиімді қоғамдық бақылау жасау үшін мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткішіне, мемлекеттің әрекетіне азаматтардың қолжетімділікке құқығы болып табылады. 

Азаматтардың өздеріне қажетті әрі толық, шынайы ақпаратты тез арада алуға, ұсыныстар мен нұсқаулар ұсынуға, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қызметіне баға беруге мүмкіндіктері болуы қажет.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштері мен кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттандырылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге барынша көңіл бөледі.

Осыған байланысты, МӘСҚ «Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасы» деп аталатын аналитикалық құрал әзірледі.

«Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасын» (бұдан әрі - Карта) жасаудың басты мақсаты – халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштерімен ақпараттандыру, жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдау бойынша азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы білуін арттыру болып табылады. 

Картада мынадай негізгі көрсеткіштер, оның ішінде өңірлер кесіндісінде көрсетілген, республика, облыстар және аудандар бойынша:

- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны мен әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы мәліметтер. Оның ішінде: ерлер/әйелдер саны, жылдың басы мен соңғы айындағы әлеуметтік аударымдардың саны мен сомасы;

- Кірістер кесіндісіндегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны туралы мәліметтер;

- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны, оның ішінде: жалдамалы жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

- Әлеуметтік аударым төлеушілер саны, сонымен қатар: заңды тұлғалар, жалдамалы жұмыскерлерімен жеке кәсіпкерлер және жалдамалы жұмыскерлерсіз жеке кәсіпкерлер;

- Төлемдер түрлері кесіндісіндегі «Жыл басынан «МӘСҚ» АҚ тағайындалған әлеуметтік төлемдер саны туралы мәліметтер»;

- Әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтер, оның ішінде: алушылар саны, төлемдер түрлері кесіндісіндегі төлемдердің орташа мөлшері мен жалпы сомасы;

- 1 жалақының төменгі мөлшерінен төмен мөлшердегі қызметкердің табысы сомасынан есептелген әлеуметтік аударымдар аударған төлеушілер тізімі.

Бұл ақпараттық қызмет мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге, сонымен бірге азаматтарға да қажет. Бүгінгі таңда Карта әр бір аудан орталықтары бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы негізгі мәліметтерімен танысуға мүмкіндік береді.

Картаны толықтыру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда және ол келешекте де бірқатар маңызды көрсеткіштермен толықтырылатын болады.

Карта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының www.gfss.kz сайтында қолжетімді.