МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерді ресми жұмыс істегендер және ол үшін жұмыс беруші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар аударған азаматтар алады.

Әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар төленген табысқа және аударымдар төлену ұзақтығына байланысты.

Әлеуметтік аударымдар жұмыскер жалақысынан емес, жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленеді.

«Біз еңбек ету қабілетінен айырылғанда, асыраушысынан айырылуы жағдайына байланысты, жұмысынан айырылуы жағдайына байланысты, жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сонымен қатар бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төлемдер жүргіземіз. 

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем еңбек ету қабілетінен айырылудың барлық кезеңіне тағайындалады. Оған қоса, сарапшылар белгілеген жалпы еңбек қабілеттілігінен айырылу деңгейі де маңызды мәнге ие.

Асыраушысынан айырылуы жағдайына берілетін әлеуметтік төлем қайтыс болған ата-ананың балаларына кәмелеттік жасқа жеткенге дейін төленеді. Алайда, егер балалар күндізгі оқу орнының студенттері болып табылса, онда олар МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді 23-жасқа жеткенге дейін алатын болады.

Жұмысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем алу мерзімі – бір айдан бастап төрт айға дейін – және ол жұмысшының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Төлемдер мерзімі штаттардың қысқартылуы, мекеменің таратылуы немесе өндіріс көлемдерінің төмендеуі бойынша жұмыстан босатылу жағдайларында алты айға дейін ұлғайтылды және бұл мерзімнің ұзартылуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 36 және одан да көп ай қатысу өтіліне ие жұмыскерлерге ғана қолданылды. Бірақ, әлеуметтік төлемнің бұл түрі егер адам жұмыссыз ретінде есептен шығарылса тоқтатылуы мүмкін.

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем бір рет төленеді және әйелдің декреттік демалысының барлық күндерін қамтиды.

Сондай-ақ, МӘСҚ-дан берілетін қосымша қолдаудан өзге жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналар дүниеге бала келгенде бюджет қаржысы есебінен баланың тууына бірреттік мемлекеттік жәрдемақы да алады..» - деп хабарлады Жәнібеков М.А.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметінің негізгі көрсеткіштер сипаттай келе: « 2017 жылдың 9 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 631 мыңнан астам қазақстандықтарға 115,6 млрд. соммаға төлем жасалды.»,- деп мәлімдеді Жәнібеков М.А.

Қойылған сұрақтарға жауап бере отыра, Марат Жәнібеков, Қордың әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қоғамды белсенді түрде ақпараттандырып отыру саясатын жүргізетіндегі туралы айтты.

Видеобейнел келесі сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.youtube.com/watch?v=lLVBnjuqBJQ&index=8&list=PLpo94Gx3JhRnNcFCx7ysiKWHIEt_sfaRN