«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жұмыскерлері «Әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру» тақырыбына семинардың жұмысына қатысты. Семинар 2017 жылға арналған Экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде Дүниежүзілік Банкпен ұйымдастырылды.

Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, өңірлік халықты жұмыспен қамту орталықтарының, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ, «ЕРДО» АҚ қызметкерлері, Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты.

Семинарда өңірлерде «Өрлеу» жобасын іске асыру мәселелері, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы шартталған ақшалай көмек ұсынудың жаңа тетігі, «Өрлеу» жобасын іске асыру және 2018 жылдан бастап жаңа үлгідегі адрестік әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу тұжырымдамасы талқыланды. Қазіргі уақытта «Өрлеу» жобасы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі шеңберінде іске асырылып жатыр, оның негізі аз қамтылған еңбекке жарамды азаматтардың жұмыпен қамсыздандыруға белсенді шараларға міндетті түрде қатысу шартымен әлеуметтік келісімшарт жасау арқылы адрестік әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіру болып табылады.

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін кезең бойынша жаңғырту» семинарының сессиялық бөлігін жұмысы шеңберінде «Халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту» тақырыбына баяндамамен «МӘСҚ» АҚ Президенті Дүйсенова С.С. сөз сөйледі.

Семинарға қатысушыларды халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту бойынша «МӘСҚ» АҚ қызметімен таныстырып, ол қолданыстағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, жұмыспен қамтылған халықтың жүйеге қатысу деңгейін арттыру, әлеуметтік төлемдер алушылардың санын көбейту Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің негізгі мақсаттары болып табылатынын атап өтті.

Семинардың жұмысы барысында «МӘСҚ» АҚ мамандарының Семинардың жұмысына қатысқан құрылымдардың жұмыскерлерімен әлеуметтік мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға және біріккен қызмет сұрақтарын талқылау,а мүмкіндіктері болды.

Әсіресе, жұмыспен қамту орталықтарының мамандарымен жұмыстан айырылу бойынша үйлесімді қызметтерді белгілеу бойынша, еңбекке жарамдылықты жоғалту және әлеуметтік төлемдерді белгілеудің әртүрлі рәсімдік аспектілері бойынша үйлесімді қызметтерді – ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің жұмыскерлерімен, және т.б.

Семинар жұмысы барысында "МӘСҚ" АҚ мамандары тәжірибе алмасып, семинар жұмысына қатысқан құрылым қызметкерлерімен Әлеуметтік мәселелер бойынша бірлескен қызмет мәселелерін талқылады.