Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын барысында жемісті еңбек ету, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік қорғау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Сәуле Дүйсеноваға«Еңбек ардагері» медалі табысталды

ҚР ЕХӘҚМ ұжымын мемлекеттік мейраммен құттықтай отырып, Министр барлығына мемлекетіміздің көркеюіне табысты еңбек және Президент Н. Назарбаевтың қазақстандықтардың алдында қойған барлық мақсаттардың жүзеге асыруын тіледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлерін Мемелекеттік мерекемен құттықтаған ведомства басшысы, еліміздің өркендеуі мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алға қойған барлық тапсырмаларын жүзеге асыруда ұжым еңбегінің табысты бола беруін тіледі. 

«Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қоғамдық санадағы Тәуелсіздік пен патриотизм құндылықтарын нығайта түседі, қоғамы қалыптасқан елдің басты идеялары мен саясатына байланысты тұрақты дамудың негізгі факторы», - деді Тамара Дүйсенова.

«Еңбек ардагері» медалімен 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталады.Сауле Сағынтайқызы Дюсенова әлеуметтік қамсыздандыру саласында 20-жылдан астам еңбек өтілі бар. Еңбек жолын 1975 жылы бастады. Көп жылдар бойы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеді, 1997 жылдан бастап – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК жүйесінде (1999 жылдан бастап - Ақмола облыстық филиалының директоры, бас директордың орынбасары, бірінші орынбасары), 2016 жылы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президенті лауазымына тағайындалды. 2017 жылдың мамырында Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қор қауымдастығының Төрайымы болып сайланды.