Мемлекет Басшысы 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтуді тапсырды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жаңа редакциядағы жобасын әзірледі.  

Оның негізгі мақсаты МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарау жолымен міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін күшейту болып табылады.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:

-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы өз ара байланысты күшейту;

-жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру;

-азаматтарды заңды жұмыспен қамтылуға ынталандыру.

Тұжырымдама мен Заң Жобасы www.gfss.kz сайтынын «Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа әдістері» бөліміңде қол жетімді.

Сұрақтар туындаған жағдайда, Тұжырымдама және Заң жобасы бойынша қажетті ақпаратты Сіз 8(7172) 983965 и 8(7172) 695727 телефондары арқылы ала аласыз