14 қараша күні «МӘСҚ» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен республика бойынша латын графикасы негізінде "Жалпыхалықтық диктант" шарасына қатысты.

Шараның мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру.

"Жалпыхалықтық диктант" жазу барысында, «МӘСҚ» АҚ қызметкерлері латын графикасын жетік меңгергендігін көрсетті.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіруді қаматамасыз ету жұмыстары өкіметке тапсырылды.

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын қарпінде «QAZAQSTAN» болып өзгертілді.