«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ орталық аппаратының және облыстық филиалдарының ұжымы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша жұмыс жиналысын өткізді.

Кездесуді бастап, «МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дүйсенова еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мəселелеріне жəне қазақстандықтардың əл-ауқатын одан əрі арттыру міндеттеріне арналған биылғы Жолдау Елбасы саясатының беріктігі мен тұрақтылығын көрсететінін айтты. Елбасының Жолдауында қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәселелер қамтылған және Мемлекет басшысы сол мәселелерді шешу үшін нақты шараларды ұсынып отыр.

Елбасы ұсынып отырған басымдықтардың Үшінші жаңғырудың бір бөлігі болып табылатын әлеуметтік жаңғырудың лайықты жалғасы екеніне тоқталып, онда халықты сапалы жұмыспен қамту, еңбек қатынастарын формализациялау, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері басты басымдықтардың бірі болып табылатының атап өтті.

Елбасы Жолдауы халықты алаңдатқан өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтып, оларды шешудің жолдарын көрсетіп отыр . Атап айтқанда, табыстың өсуі, баспанамен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелер қамтылған, – жиналысты жалғастыра отырып деді «МӘСҚ» АҚ Президентінің Кеңесшісі Светлана Ферхо.

«МӘСҚ» АҚ жұмысшыларының сөз сөйлеуін және пікірлерін түйіндей отырып, қордың Президенті Сәуле Дүйсенова Жолдау қазақстандықтарды көптен бері қобалжытып келе жатқан бірқатар сұрақтарға жауаптар беретінін атап өтіп, елде маңызды әлеуметтік міндеттерді орындайтын мемлекеттік институт және қатысушылардың әрбіреуі өз елінің азаматы ретінде бола тұрып, алға қойылған міндеттерді іске асыруға қатысу үшін Елбасы айқындаған бағыттардың мәнін түсінуге шақырды.