Журналистерді Қордың қаржылық көрсеткіштері мен халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту мәселесі қызықтырған.

«2017 жылдың 1 шілдесіне қарағанда, соңғы 2 жылдың ішінде әлеуметтік аударымдарды жасаған қатысушылардың саны 6,6 млн. адам, ал әлеуметтік аударымдардың және өсімпұлдардың түсім сомасы 1 797,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өсімпұлдар сомасы – 5,2 млрд. теңге.

2005 жылдан бастап МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер 3,5 млн. адамға тағайындалды, ал төлемдердің жалпы сомасы 825 млрд. теңгеден асты.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығыңда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 76,1 млрд. теңгені құрады. Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 31,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 34,7 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 4,9 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 4,0 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 0,9 млрд теңге шығындалған.» - деп мәлімдеді Сәуле Дүйсенова брифинг барысында

Қордың негізгі даму бағыттары туралы сөз қозғай отырып, олар, даму Стратегиясына сәйкес , келесідей басты бағыттар бойынша негізделіп отырғаны туралы атап өтті :

  • - жұмыс істейтін халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту және әлеуметтік аударымдарды толық төлеуді қамтамасыз ету арқылы Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвестициялық қызметті жандандыру;
  • - әлеуметтік төлемдерді алушыларға заңнамада белгіленген толық көлемде және мерзімде төлемдерді қамтамасыз ету

Сайып келгенде, осы бағыттардың қамтамасыз етілуі, әлеуметтік сақтандырудың басты мақсаты –халықтың әлеуметтік қорғалуын арттыруын көздейтін шаралардың берік іргетасын қалауға мүмкіндік береді

Қойылған сұрақтарға жауап бере отыра, Сауле Дюсенова, Қордың әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қоғамды белсенді түрде ақпараттандырып отыру саясатын жүргізетіндегі туралы айтты.