МӘСҚ қызмкеткерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, өңірдегі тұрғындармен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәселелерін талқылау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарында кездесулер өткізді.

Шымкент қаласының білім және медициналық ұйымдарының 214 қызметкері Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы, композиттік қызмет көрсету туралы, әлеуметтік төлемдер алу, сонымен қатар ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерінің өзара байланысын жүзеге асыру бойынша түсіндірмелер берілген жұмыс кездесулеріне қатысты.

«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының негізінде әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын дұрыс төлеуге, әлеуметтік-еңбек және салық саласындағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістер бойынша мәселелер талқыланған жеке кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды.

Әлеуметтік төлемдер алу бойынша мемлекет ұсынатын құқықтар мен мүмкіндіктерді жүзеге асыруды жақсарту мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерболат Әбілқайырұлы Садырдың қатысуымен ОҚО аудан әкімдерімен селекторлық жиналыс өтті.

МӘСҚ мамандары мемлекеттік,қоғамдық және қаржы мекемелер басшыларының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен халықтың қамтылуын арттыру, Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысынан айырылған жағдайда «композиттік» қызмет көрсету бойынша қатысушыларды ақпараттандырды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуінің маңыздылығына, дағдарысқа қарсы штабтың жұмысына, МӘСҚ филиалдарының мемлекеттік органдармен, кәсіподақтармен, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен өзара бірлескен жұмыстарын күшейту қажеттілігі мәселелеріне назар аударды.

Сонымен қатар қатысушыларға, облыс аудандары бойынша жұмыскерлердің әлеуметтік аударымдары тұралы толық ақпарат алу үшін «МӘСҚ» АҚ сайтындағы «Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасы» көрсетілді.

Өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша облыс әкімінің орынбасары Е.А. Садыр мемлекеттік кірістер құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және Оңтүстік Қазақстан облысы аудандары әкімдерінің орынбасарларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қысқарту, төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды төлеудін бақылауды қамтамасыз ету және дағдарысқа қарсы штаб жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді.