«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдау бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы аясында азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау және әлеуметтік саланы цифрландырудың дамуымен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін оңайлатуға ерекше көңіл бөлінуде.

Осы бағыттағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынын қызметі проактивті қызметтердің дамуымен байланысты және ол «азамат мемлекеттік қызмет алуға жүгінбеу қажет, керісінше мемлекет мемлекеттік қызмет көрсетуге бастамашы болуы керек» деген принципті енгізуге бағдарланған.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, «бала тууына байланысты проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету» жобасын жүзеге асырды.

Аталған жоба аналарға үйден шықпай-ақ бала тууы туралы куәлік алуға, бала бақша кезегіне тұруға және әлеуметтік жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін аналардың мобильді азаматтардың базасына тіркелген, актуалды абоненттік нөмірі болуы қажет.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша тууы туралы куәлік дәстүрлі тәсілмен тіркелген жағдайда бала тууына байланысты жәрдемақыларды да проактивті ресімдеуге болады.

Міндетті болып табылады:

- азаматтардың мобильді базасына тіркелген, актуалды абоненттік нөмірінің болуы;

sms-хабарламаларға жауап.

Бала тууына және күтіміне әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметтерін проактивті алу үшін жіберілген sms-хабарламаларға жауап бергенде:

- тілді таңдау;

- растау немесе банктік шотын беру қажет.

Абоненттік нөмірді жүктілігіне және босануға байланысты әлеуметтік төлемге өтініш бергенде Мемлекеттік корпорацияда (ХҚКО) тіркеуге болады.