Байқаудың мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету болып табылады.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, қала және аудан әкімдіктері, сонымен бірге бизнес қауымдастығы.

Байқау шарттарымен «Нұр Отан» партиясының www.nurotan.kz және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының ресми сайттарында танысуға болады.

Байқау жеңімпаздарына жобаларды іске асыру үшін ақшалай сертификаттар беріледі.

Байқауға қатысуға өтінімдерді 2018 жылғы 30 маусымға дейін облыстық, Алматы, Астана қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және бөлімдері қабылдайды.