2017 жылғы 22 желтоқсанда Астанада «МӘСҚ» АҚ филиал директорларының қатысуымен семинар-жиналыс өтті. Ондағы басты мақсат 2017 жылға Қор филиалдары қызметінің қорытындысын шығару және 2018 жылы оларды дамытудың негізгі бағыттарын анықтау болды.

«МӘСҚ» АҚ Президенті Сәуле Дүйсенова өңірлік филиалдардың жұмысы – МӘСҚ-ның алдында тұрған міндеттер мен сын-тегеуріндерді енгізудің негізі екенін ерекше атап өтті. Ол: «Филиалдар алдына қойылған міндеттер мен бүгінгі уақыт талаптарына сай дамуы тиіс. Біз электрондық қызметті дамытуға, қызмет көрсету арналарын кеңейтуге, қызмет көрсетудің заманауи әдісіне көшуге, азаматтарға Қормен өзара қарым-қатынас орнатудың түрлі жолдарын таңдау мүмкіндігін беруге барынша күш салып жатырмыз», - деп айтып өтті

Еліміздің әр азаматы мүгедектік, жұмысынан айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, жүктілігіне және босануына, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді алу бойынша мемлекет ұсынып отырған құқық мен мүмкіндікті жүзеге асыру қажеттілігіне аса назар аударылды.

Жиналыс барысында әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуінің, дағдарысқа қарсы штабтардың жұмысы, мемлекеттік органдар мен МӘСҚ филиалдарының өзара әрекеттесу қажеттілігі, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер палатасымен өзара жұмыс маңыздылығы және т.б.мәселелері қарастырылды.

МӘСҚ халықты кеңінен қамту және оларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тартуды, әлеуметтік қызметтерінің сапасын және қолжетімді болуын қамтамасыз етуді жалғастыра бермек.

 Бұл үшін Қор 2017-2021 жылдарға арналған даму Стратегиясын әзірледі, оның аясында алдыңғы қатарлы технологияларды және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы үздік тәжірибені пайдалана отырып, жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері әзірленіп, қолданысқа енгізілетін болады. Бұл өз кезегінде жұмыс берушілердің қаржылық жауапкершілігін арттыруға, еліміздің тұрғындарын әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, яғни бұл - азаматтарымыздың әлеуметтік қорғау деңгейін жақсартады деген сөз.