2022 жылғы 28 шілдеде "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Н.Е.Сағындықованың қатысуымен кеңес өтті.

Қордың 2022 жылдың 1 жарты жылдығындағы қызметінің қорытындылары және келешекке арналған басым міндеттері туралы қордың Бас директоры Н.М.Кемел баяндама жасады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық қағидаттарына негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін жұмыс берушілер төлейді, ал төлемдерді әлеуметтік тәуекелі бар жұмыскерлер ғана ала алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және 1,1 млн астам адам жыл бойы әлеуметтік төлемдер алады.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 834,3 мың адам жалпы сомасы 199 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер алды. 

Бюджет қаражаты есебінен төленетін мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыға қосымша, 90 мыңға жуық адам жалпы сомасы 14,9 млрд теңгеге Қордан еңбекке қабылеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алды.

Сондай-ақ, Қордан 57 мыңнан астам отбасы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жалпы сомасы 10,6 млрд теңгені құрайтын әлеуметтік төлемді бюджет қаражаты есебінен төленетін осындай жәрдемақыға қосымша алды. 

Жұмыссыз қалған және жұмыссыз ретінде тіркелген 60 мыңға жуық жұмысшы Қордан жалпы сомасы 8,1 млрд теңге жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алды. 

Қордан 122 мыңнан астам әйел жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайына жалпы сомасы 79,2 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды.

505 мыңға жуық адам 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына жалпы сомасы 86,1 млрд.теңге әлеуметтік төлемді алды,

Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау алдағы уақыттағы басым міндеттер болып табылады.

photo1658987728
photo1658987216