1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн.

Қазақстан халқы өздерінің тағды­ры­на тәуелсіздікті баянды ету жолындағы қуанышы мен қиындығы мол заманда әлемдік ауқымда ойлайтын, сәт тамырын дәл басып, ертеңгі күнді бұрын бағамдай білетін дана мемлекет басшысының келгеніне қуанады. Сондықтан Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке.

Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі ешкімде де дау тудырмасы анық жайт. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген ғаламат зор еңбегі танылған болатын.

Шындығында Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын.Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы 1 жел­тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сайлауға қатысқан дауыс беруге құқығы бар ел азаматтарының 98,7 пайызы жақтап дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретіндегі сенімін Елбасыға жүктеді.

Сөйтіп, ғасыр­лар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-ба­ба­лары­мыз­дың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын бо­ла­шаққа батыл бас­тады.

Міне, содан бергі уақыттың ішінде Мемлекет басшысының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген ұшан-теңіз үлесі шексіз.Елбасы халықты орасан зор істерге жұмыл­дыр­ды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды.Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан ойып тұрып орын алуға ұмтылған еді. Бұл белестің де, одан да зор асулардың да бағындырылатындығы сөзсіз. Оған Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары өз септігін тигізері анық.