2018 жылдың 27 – 28 тамызы аралығында Женева қаласында (Швейцария) Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (бұдан әрі – ХӘҚҚ) басшылары – ХӘҚҚ Президенті Йоахима Бройераның және Бас хатшы - Ханс-Хорст Конколевскидің, сонымен қатар 13 -Техникалық комиссияның құрамына кіретін ХӘҚҚ мүше-ұйымдарының қатысуымен ХӘҚҚ 13-Техникалық комиссиясының 12- Форумы өтті.

Қазақстан тарапынан ұйымдастыру, басқару және инновация бойынша Техникалық комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) вице-президенті А.З.Нығматулин, Активтерді қолдану департаментінің директоры А.Б.Абдельдинов, сонымен қатар Халықаралық ұйымдармен жұмыс департаментінің бас маманы А.Қ.Қожахметов қатысты.

Қордың вице-президенті А.З.Нығматулин ХӘҚҚ Президенті Йоахима Бройерамен және ХӘҚҚ Бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевскимен ХӘҚҚ Техникалық комиссиясы мен Қор қызметінің құзіретіне кіретін мәселелер жөнінде екі жақты келіссөздер жүргізді.

ХӘҚҚ Техникалық комиссиясы жұмысының мақсаты әлеуметтік қамсыздандыру және халықты қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы нақты тәжірибелерге қол жеткізу болып табылады.

Отырыс барысында 2017-2018 жылдардағы ХӘҚҚ қызметіне шолу жасалды, ұлттық техникалық комиссиялардың жұмыс жоспарлары, цифрлық экономикаға, еңбек рыногына қатысты өзекті мәселелер мен олардың әлеуметтік сақтандырудағы рөлі талқыланды.