Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауындағы қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара бірлескен жұмыстарды күшейту мақсатында Ақмола облысының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысовтың төрағалығымен «МӘСҚ» АҚ Президенті кеңесшісінің, «МӘСҚ» АҚ филиалы директорының, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің директоры орынбасарының, облыстың Кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік кірістер органдарының, кәсіподақтар органдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының, «БЖЗҚ» АҚ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, сонымен қатар видеоконферения байланысы режимінде қала және аудан әкімдерінің орынбасарларының, Мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияларының, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдері өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өтті.

Күн тәртібіне жұмыс істейтін тұлғаға ай сайын 1 ЕТЖ кем емес әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі ӘА) аударылатын, мысалдармен көрсетіліп бюджеттік ұйымдарға аса назар аударыла отырып, мекемелер мен ұйымдар бойынша мәселелер еңгізілді. Дағдарысқа қарсы штаб жұмысының және «композиттік» қызметтердің орындалуы бойынша талдау жүргізілді және банкрот болып танылған мекемелердің мәселесі көтерілді.

Өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысов облыс аудандары әкімдерінің орынбасарларына және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын қысқарту, төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды уақытында және толық аударылуын бақылауды қамтамасыз ету жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар МӘСҚ мамандары кіші және орта кәсіп өкілдерімен Ақмола облысының аумақтық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік аумағында, «Көкшетау су арнасы» ЖШС және «Тыныс» АҚ ұжымдарымен кездесті. Кездесуде МӘСҚ қызметкерлері жалпы азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесі, халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы, заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.

Кездесулерге барлығы 694 адам қатысты.