Фото1
Фото2

Меркі ауданында ХҚКО қызметкерлерімен және оның келушілерімен кездесу өтті, Меркі ауылында топ мүшелері мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының ұжымымен және оның қамқоршыларымен кездесті.

№ 9 Меркі колледжінде жастармен мазмұнды диалог өтіп, «Электрондық еңбек биржасы» порталының тұсаукесері, несиелендіруге, платформалық жұмыспен қамтуға, көші-қонға және т. б. ақпараттар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. 

Алға ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, балалы отбасыларды қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту және т.б. мәселелер түсіндірілді. 

Сондай-ақ, мобильдік топ Сарымолдаев ауылдық округі мен Шу ауданының тұрғындарымен де кездесті.