Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам әлеуметтік төлемді алды.

2 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам жүгінді, оның ішінде 3438 адам төлемдерін алды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуші болып табылатын 60 821 адамға тағайындады және аударды. Олардың ішінен:

– Нұр-Сұлтан қ. – 1521;

– Алматы қ. – 3500;

– Шымкент қ. – 8037;

– Ақмола – 2299;

– Ақтөбе – 2102;

– Алматы – 13 548;

– Атырау – 929;

– ШҚО – 3435;

– Жамбыл – 5436;

– БҚО – 1230;

– Қарағанды – 2195;

– Қостанай – 1886;

– Қызылорда – 3075;

– Маңғыстау – 1328;

- Павлодар – 1522;

– СҚО - 2457;

– Түркістан – 6321 адам.

Төлемдерді тағайындау проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз жүзеге асырылды. Төлемдерді соңғы 12 айда кемінде 1 рет БЖТ төлеген адамдар алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда