Әлеуметтік төлемдер.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 2017 жылдың 9 айында төленген әлеуметтік төлемдер сомасы 115,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде:

- асыраушысынан айырылуы жағдайына – 5,8 млрд. теңге (5%),

- еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына – 7,4 млрд. теңге (6,4%),

- жұмысынан айырылуы жағдайына – 1,5 млрд. теңге (1,3%),

- жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы жағдайына - 48,0 млрд. теңге (41,5%),

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына – 53,0 млрд. теңге (45,8%).

МӘСҚ-нан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына төленген әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 333 мың. 158 теңге, ал төлем алушылар саны 140,9 мың адамды құрады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына төленген әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 24 мың 370 теңгені құрады, 351,0 мың. адам алған.

Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдерді 26,0 мың адам алған, оның орташа мөлшері – 18 мың 425 теңгені құрады.

38,3 мыңнан аса қазақстандық асыраушысынан айырылуы жағдайына төлемдермен қамтамасыз етілді, оның орташа мөлшері 15 мың. 164 теңге болды.

Сонымен бірге 75,1 мың азамат еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем алды, төлемдердің орташа мөлшері 12 мың 100 теңгені құрады.

Есепті кезеңде 358 610 әлеуметтік төлем тағайындалды.

Электронды үкімет порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 12 938 адам жүгінді.

«Композиттік қызметтер» көрсету аясында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін 14 061 азамат өтініш берген. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері арқылы еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына 13419 өтініш қабылданды.

 

Әлеуметтік аударымдар.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 5,6 млн. адамға жетті.

Қор ай сайын төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды толық төлеуіне мониторинг жүргізіп отырады. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілердің жалпы саны ағымдағы жылдың тамыз айында – 12 646 (штат саны 50 және одан да көп адам) құрады.

Оның ішінде, алдыңғы айлармен салыстырғанда 6032 төлеуші бойынша (47,7%) қатысушылар саны (жұмыскерлер) төмендегені байқалды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді төмендеткен төлеушілермен Қор төмендеу себептерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Есепті кезеңде төлеушілерге жалпы сомасы 310,7 млн. теңге артық (қате) аударылған әлеуметтік аударымдар қайтарылды.

МӘСҚ филиалдық желісінің қызметкерлері қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы білімін толықтыру мақсатында ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 998 кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулерді өткізді. Бұл жиындарға 34225 адам қатысты.

Қор қызметкерлері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме беріп, ҚР әлеуметтік-еңбек саласының әрі қарай жаңғыртудағы негізгі бағыттармен, «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігімен таныстырды.

«Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасы» әзірленді.

Оны жасаудың басты мақсаты – халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштерімен ақпараттандыру, жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдау бойынша азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы білуін арттыру болып табылады. Карта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының www.gfss.kz сайтында қолжетімді.