2017 жылдың 29 – 30 маусымында Женева қаласында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы Бюросының (бұдан әрі – ХӘҚҚ) ХӘҚҚ-ның 90 жылдығы мерейтойына арналған Симпозиумы өтті.

ХӘҚҚ мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының (бұдан әрі – ХЗӘҚҚ) тарихи серіктестігін ескере отырып, Симпозиумға ХЗӘҚҚ Төрайымы ретінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президенті Дюсенова Сәуле Сағынтайқызы қатысты.

Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен ауыру жағдайына сақтандыру және 17 өзара сақтандыру қорларымен бірлесіп 1927 жылы құрылған ХӘҚҚ бүкіл әлем бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды дамытуда ынтымақтасқан 158 елден 330 үкіметтік департаменттер мен мекемелердің басын біріктірген бірегей платформаға айналды.

 ХӘҚҚ басшы органдары, ХӘҚҚ Бюросы сандық экономикадағы өзгерістерді, әлеуметтік қамсыздандырудың болашағын зерттеу мақсатында Женева қаласында ХӘҚҚ 90-жылдығын атап өту үшін Симпозиум өткізді.

Әлеуметтік сақтандыру халықаралық деңгейде стратегиялық және үйлестірілген жауаптарды талап ететін бірқатар жаһандық маңызды мәселелермен шұғылдануда. Әсіресе, сандық экономикамен келтірілген өзгерістер әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен басқаруға маңызды әсерін тигізуде.

Симпозиум барысында әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Польша мен Уругвай әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жөнінде келіссөздер өтті.

Шарада «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президенті және ХЗӘҚҚ Төрайымы Дюсенова Сәуле Сағынтайқызының дүние жүзінде әлеуметтік сақтандыруды дамытудағы ХӘҚҚ маңызды рөл атқаратыны жөнінде айтқан ойлары туралы Бас хатшы Ханс-Хорст Конколевскидің хатында ХӘҚҚ Бюро мүшелері жоғары бағалады.