«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі - МӘСҚ) әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Болатбекова Г.Қ. «Астана» телеарнасының «Айтарым бар» бағдарламасында тікелей эфирде «МӘСҚ-нан дәрігерлерге төленетін төлемақы мөлшері» тақырыбында сұхбат берді. Гүлбағила Қоңырбайқызы тікелей эфирде халықтан түскен сұрақтарға жауап беріп денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға МӘСҚ-нан тағайындалатын біржолғы төлем туралы айтып берді. Бұл төлем Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы бойынша тағайындалады. Бұйрыққа сәйкес МӘСҚ-ы әлеуметтік төлемді жергілікті атқарушы органдар құрған комиссия шешімінің қорытындысының негізінде тағайындайды. МӘСҚ-нан COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған алғы шептегі медициналық қызметкерлерге екі миллион теңге мөлшерінде, ал қайтыс болған жағдайда олардың отбасыларына он миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылады.

Оған қоса, Әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Болатбекова Г.Қ. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы және МӘСҚ-нан:

  • Асыраушысынан айырылуы жағдайына;
  • Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына;
  • Жұмысынан айырылуы жағдайына;
  • Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда;
  • 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылғанда төленетін негізгі төлемдер жайында айтып өтті.

Толық сұхбатты келесі жүктеме арқылы көре аласыз https://astanatv.kz/kz/video/7217/