2021 жылдың 24 қазанында Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған "ENBEK CUP 2021" спорттық турнирі өтті

 

2021 жылдың 24 қазанында Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған "ENBEK CUP 2021" спорттық турнирі өтті. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры "АҚ (МӘСҚ) спорттық командалары жүлделі орындарға ие болды:

  • - шағын футболдан ерлер командасы - 2 орын;
  • - волейболдан әйелдер командасы - 2 орын.

Іс-шара соңында жарыстардың әр түрі бойынша үздік ойыншылар марапатталды және МӘСҚ жанкүйерлерінің ұйымшыл ұжымы атап өтілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Е.Е. Біржанов және іс - шараны ұйымдастырушы - "Мемлекеттік аннуитеттік компания "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Г. Т. Амерходжаев турнирге қатысушыларға алғыстарын білдіріп келе жатқан мерекемен құттықтады. 

Командалардың барлық қатысушылары өз күштерін, жылдамдығын, ептілігін көрсетті. Жанкүйерлер сергектік пен көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Ең бастысы мерекелік көңіл-күй жасалды.