«МӘСҚ» АҚ өзінің жазылушылар аудиториясын кеңейтуде және танымал Telegram мессенджерінде өзінің арнасын ашты.

Әлеуметтік медиа әрқашан дамуда және «МӘСҚ» АҚ өзекті ақпаратты көпшілікке ыңғайлы түрде жылдам жеткізуге ұмтылады. Бұл уақыт талабы, қоғамды уақтылы және дұрыс ақпараттандыру маңызды, кері байланыс мүмкіндігін кеңейту қажет.

«МӘСҚ» АҚ арнасына тіркелу үшін Telegram қолданушыларына https://t.me/gfsskz сілтеме бойынша өту жеткілікті немесе мессенджердің іздеу тетігінде @gfsskz теру қажет.

Жазылушыларға Республикамыздағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ең өзекті ақпарат, әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңалықтар мен маңызды хабарландырулар қолжетімді болады.