Жеке адамдар өз бетінше әлеуметтік аударымдар төлей ала ма?

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілерді қоспағанда, жеке адамдар әлеуметтік аударымдарды төлеушілер санатына жатпайды.

- Жұмыс берушiлер (жалдамалы жұмыскерлер үшін);

- дара кәсіпкерлер (өзі үшін және жалдамалы жұмыскерлер үшін); - шаруа немесе фермер қожалықтары (өзі үшін және жалдамалы жұмыскерлер үшін);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (өзі үшін және жалдамалы жұмыскерлер үшін);

- жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және салық агенттері болып табылмайтын жеке адамдарға ғана қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда,

өз үйінің шаруашылығынан өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін салық агенті болып табылмайтын жеке адамдарға ғана сататын БЖТ төлеушілер МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асырады.

Әлеуметтік аударымдарды қате төлеген жеке адамдар оны қайтарып алуы қажет.

Жеке тұлғалар әлеуметтік аударымдарды қате төлеген жағдайда оларды қайтаруды жүзеге асыруы қажет. Толық ақпарат сілтеме бойынша http://gfss.kz/#/socialcontributions/return