Мемлекеттік кіріс органдары:
1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 17-бабы 1-тармағына сәйкес есепателген әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбегені үшін өсімпұлдардың сомаларына бақылауды жүргізеді;;

  1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама жібереді;
  2. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;
22) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

  1. Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органдарының өкімдерінің күшін әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды;
  2. Төлеушіден міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады;
  3. Төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, әлеуметтік аударымдар бойынша туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.