Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын (бұдан әрі – МӘСҚ) құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды;

2) МӘСҚ комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілейді;

3) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы шешім қабылдайды;

4) МӘСҚ активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындайды;

5) МӘСҚ қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.