Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:

1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) активтерін сенімгерлік басқаруды Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларацияның және МӘСҚ мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған қаржы құралдарының тізбесіне және лимиттеріне сәйкес МӘСҚ активтерiн орналастыруды жүзеге асырады;

3) МӘСҚ активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегi барлық операцияларды есепке алуды жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес тоқсан сайын МӘСҚ шоттарының және МӘСҚ активтерiмен жасалған инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті ұсынады.