Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілейді;

2) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;

3) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;

4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және алушылардың қор мен өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдарын қарайды.