Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – МӘСҚ) қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

2) МӘСҚ қаржылық және өзге есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;

3) МӘСҚ басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім береді;

4) МӘСҚ қызметi туралы мәлiметтер, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;

5) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады

6) МӘСҚ қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;

7) МӘСҚ активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлейді;

8) МӘСҚ комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлейді;

9) МӘСҚ комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілейді;

10) МӘСҚ комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

11) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен МӘСҚ төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

12) әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

13) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;

14) құзыреті шегінде «Азаматтарға анралған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;

15) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдап отыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

17) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.