Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару бойынша сұрақтарға жауап


  1. Төлеушіге артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтарудың тәртібі бар ма?
    Төлеушінің артық (қате) төленген және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» банктік шотына аудару қағидалары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №224 бұйрығына 2-қосымшамен бекітілген.
  2. Төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтару үшін қайда жүгінеді?
    Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтару үшін төлеуші (төлеушінің банкі) өтініш пен құжаттарды қағаз тасығышта «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемкорпорация) береді.
  3. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтару үшін қажетті құжаттар тізімі?
    Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтiнiшке анықтама-растама қоса беріледi.
    Өтініш және анықтама-растама нысанын осы сілтемесі бойынша жүктеуге болады: http://gfss.kz/#/socialcontributions/return.
    Қажет болған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
    1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/аяқталуын растайтын құжат көшірмесі;
    2) зейнетақы төлемін алушының статусын растайтын куәліктің көшірмесі;
    3) шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация көшірмесі (910.00 нысаны) немесе артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомасын қайтару кезеңі үшін патент құнын есептеу (911.00 нысаны);
    4) бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы салық төлеушінің жеке шотынан көшірме;
    5) төлеушінің өтініші мен төлем құжаттарындағы қолдар сәйкес келмеген жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі;
    6) төлеушінің БСН не банктік шоты өзгерген жағдайда растайтын құжаттардың көшірмесі.Дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтары, жеке практикамен шұғылданатын адамдар сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.
  4. Қандай жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтаруға өтініштер төлеушіге қайтарылады?
    Мемкорпорация өтінішті қоса берілген құжаттармен төлеушіге келесі жағдайлардың бірінде қайтарады:
    1) егер артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды есептеу фактісi расталмаса;
    2) төлеушінің өтініші бекітілген нысанға сай келмесе;
    3) төлеушінің өтінішінде дұрыс емес себеп көрсетілсе (бір себептен артық таңдалса).
  5. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қанша уақытта қайтарады қайтарады?
    «Мемлекеттік әлеуметтік сақтадыру қоры» АҚ (бұдан әрі – МӘСҚ) оны кейiннен төлеушiге аудару үшiн МӘСҚ-на төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде Мемкорпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
  6. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдар сомасы қандай жағдайларда қайтаруға жатпайды?
    Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын қайтаруға жатпайды егерде:
    - МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге әлеуметтік аударымдар есептелсе;
    -- төлеушінің өтінішінде көрсетілген қайтару себебі расталмаса, қайтаруға жатпайды.
    Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қайтаруға жатпайтын сомалары бойынша МӘСҚ бас тарту себептері туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға кейіннен төлеушіні хабардар ету үшін жібереді.
  7. Қайтарудан бас тарту себептері туралы ақпаратты төлеушіге кім хабарлайды?
    Мемлекеттік корпорация артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қайтаруға жатпайтын сомалары бойынша қайтарудан бас тарту себептері туралы төлеушілерге хабарлайды.
  8. Төленген және қайтарылған әлеуметтік аударымдар сомасы туралы мәліметтердің сақталуын кім қамтамасыз етеді?
    Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
    Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi.