Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына бірыңғай жиынтық төлемді төлеу бойынша сұрақтарға жауап


  1. Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу тәртібі бар ма?
    Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысымен бекітілген.
  2. Кімдер бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер болып табылады?
    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 774-бабына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
    1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
    2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
    3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.
  3. Кімдер бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер болып табылмайды?
    Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, мыналар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды:
    1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
    2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
    3) лица, занимающиеся частной практикой;
    4) қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
    5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.
  4. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы қандай?
    Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге (БЖТ) қосылады. Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы – айлық есептік көрсеткіштің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.
    Төлеушінің төлеуге жататын БЖТ сомасы:
    - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерін (2021 жылы – 2 917 теңге);
    - басқа елді мекендерде АЕК 0,5 еселенген мөлшерін (2021 жылы – 1 458,5 теңге) құрайды.
    Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.
  5. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) қалай төленеді?
    Төлеушілер БЖТ төлеуді дербес жүзеге асырады немесе "ММЖЖЖЖ" форматында бірыңғай жиынтық төлем төленетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып, олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.
    БЖТ жалпы сомамен төленуге жатады. БЖТ төлеу "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) банк шотына төлеушінің БЖТ енгізуі арқылы жүргізіледі.
    Бірыңғай жиынтық төлем сомасын есептеу және аудару үшін деректемелер:
    Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
    Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
    БИН 160440007161
    бенефициар банкінің БИК GCVPKZ2A
    бенефициар ИИК: КZ47009ESP0163609911
    ККНП 183 – БЖТ.
    Төлем атауы: БЖТ _____(ай,жыл) үшін
    Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорацияға БЖТ түскен сомасын MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен аударады.
    Төлем тапсырмасының MT-102 форматы (бұдан әрі – MT-102 төлем тапсырмасы) ЖСН жеке сәйкестендіру нөмірін, адамның ТАӘ (бар болса), туған күнін, БЖТ төленетін кезеңді (ай, жыл), сондай-ақ БЖТ сомасын қамтиды.
  6. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төленетін мерзім
    БЖТ табыс алынған әрбір ай үшін жеке төленеді. Бұл ретте БЖТ күнтізбелік жылдың ағымдағы және келесі айлары үшін төленуі мүмкін.
    Өткен кезеңдер үшін БЖТ төленбейді.
  7. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы қалай бөлінеді?
    -- 10 % БЖТ төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке жеке табыс салығы түрінде;
    - 20 % Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметік аударымдар түрінде;
    - 30 % Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары түрінде;
    - 40 % Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – ӘМСҚ) міндетті медициналық сақтандыру түрінде.
    ҚР зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылған төлеушілер төлеген БЖТ әлеуметтік төлемдерге бөлуге жатпайды және Мемлекеттік корпорация жеке табыс салығы түрінде төлеушілердің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджеттерге жеке табыс салығы түрінде аударады.
  8. Қандай жағдайларда қате төленген бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы қайтарылады?
    Мемлекеттiк корпорация төлеушiге бiрыңғай жиынтық төлемнiң қате төленген сомаларын қайтаруды:
    1) төлем құжатының деректемелерінде қателіктер жіберілген;
    2) бiр төлем құжатында БЖТ сомасы бір ғана кезеңге және бір ғана жеке тұлғаға екі және одан көп рет аударылған;
    4) БЖТ сомасы тиісті кезең көрсетілген мөлшерге сәйкес келмеген;
    4) БЖТ сомасы тиісті кезең көрсетілген мөлшерге сәйкес келмеген;
    5) «Жеке тұлға» Мемлекеттік деректер қорындағы (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) төлеушінің тұрақты тіркелген жері болмаған;
    6) ЖТ МДҚ-дағы төлеушінің тұрақты тіркелген жері бойынша тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органдары болмаған жағдайларда жүзеге асырады.
    1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көзделген жағдайларда БЖТ төлеу шотына есепке алынбайды және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға БЖТ қате төленген сомалары ретінде қайтарылады.
  9. Қате төленген бірыңғай жиынтық төлем сомасын қалай қайтарады?
    БЖТ қате төленген сомаларын қайтару үшін төлеуші, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттік корпорацияға қате төленген БЖТ-ны қайтаруға өтініш береді, оған жеке төлем құжатының не БЖТ төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Өтініш нысаны мен толық ақпарат осы сілтемеде:http://gfss.kz/#/socialcontributions/returnesp
  10. Қандай жағдайларда төлеушіге қате төленген бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасын қайтарудан бас тартуы мүмкін?
    БЖТ аударылған сомалары келесі:
    1) төлеушi қайтаруды талап ететiн сома төлеушiнің тұрақты тiркелген жері бойынша тиiстi бюджетке, МӘСҚ, ӘМСҚ мен БЖЗҚ-ға аударылған сомаға сәйкес келмеген;
    2) төлеушінің өтінішінде төлеушінің деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі), төлем деректемелері (төлем тапсырмасының нөмірі және (немесе) күні және (немесе) сомасы) дұрыс көрсетілмеген (не көрсетілмеген);
    3) төлеуші өтінішінің нысаны сәйкес келмеген;
    4) төлеушiнiң өтiнiшiнде қайтарудың дұрыс емес себебi көрсетiлген (бiр себептен артық таңдау) жағдайларда қайтаруға жатпайды.
    Сондай-ақ, егер МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдарды төлеу кезеңі МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне есептелсе, БЖТ сомалары қайтарылмайды.
  11. Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуші әлеуметтік аударымдар сомасының аударылғаны туралы ақпаратты алу үшін қайда жүгінеді?
    Әлеуметтік аударымдардың жай күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін:
    сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен (мекенжайлары https://gov4c.kz/ru/contacts/adresa/);
    немесе
    сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен МӘСҚ филиалдарына өтінішпен (мекен-жайлары http://gfss.kz/#/contacts/branches);
    немесе
    электронды үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz ЭЦҚ қолданумен сұрау жіберу жолымен жүгіне алады.
    Өтініш нысанын осы сілтемесі бойынша алуға болады: http://gfss.kz/#/socialcontributions/govservices.
  12. Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушіге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат қанша уақытта беріледі?
    Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты беру 10 минут ішінде жүргізіледі.Құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең ұзақ күтудің рұқсат етілетін уақыты жүгінген күні орнында - 15 минут.Ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 минут.
  13. Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушіге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін қандай құжаттар қажет?
    Мемлекеттік корпорацияға, МӘСҚ филиалына:
    өзі жүгінгенде:
    11) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
    сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
    1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
    2) нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш.
  14. Қандай жағдайларда бірыңғай жиынтық төлемді төлеушіге (БЖТ) әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алудан бас тартылады?
    БЖТ төлеушінің мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) МӘСҚ филиалының қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.