МӘСҚ-нан Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мәселелері бойынша сұрақтарға жауап

1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметін көрсету стандарттары бар ма?

«Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету стандарттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 6-қосымшасымен бекітілген

2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындауға құқық қашан туындайды ?

ӘТеа алуға құқық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының 30 %-дан 100% -ға дейін жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.

3. Егер азамат жұмыс істеуді жалғастырса еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындала ма?

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 20-бабы 1-тармағына сәйкес, ӘТеа мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш жасалған кезде жұмысты тоқтатқанына немесе жалғастырып жатқанына қарамастан тағайындалады. Осылайша, ӘТеа алушыға жұмыс істеуге және табыс табуға болады.

4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) қандай кезеңге тағайындалады ?

ӘТеа медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбекке қабілеттіліктен (ЖЕА) айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап ЖЕА белгіленген барлық кезеңге, бірақ жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасынан аспайтын кезеңге тағайындалады, ерлер - 63 жас, 2022 жылы әйелдер - 60 жас 6 ай (жыл сайын әйелдердің зейнет жасы 6 айға арттырылып отырады, 2027 жылы – 63жас).

ЖЕА дәрежесі өзгерген жағдайда ӘТеа ЖЕА дәрежесі өзгерген күннен бастап жаңадан белгіленген ЖЕА дәрежесіне сәйкес келетін мөлшерде анықталады.

5. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындау үшін қандай құжаттар қажет ?

ӘТеа мынадай құжаттар негізінде тағайындалады:  

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;

Өтінішті және құжаттарды қабылдайтын маман «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті АЖ сұрау салулар қалыптастырады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының АЖ;

2) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі, түзеу мекемелерінде бақылау шоттары туралы мәліметтер туралы АЖ;

3) куәландыруды және мүгедектік тобын белгілеуді жүргізу туралы (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан үлкен балалар, оның ішінде асырап алынған аға, іні, сіңлі, қарындастары бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған жағдайда) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған банкі" АЖ-ға;

Банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, АЖ мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.

6. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындауға өтініш қайда беріледі?

ӘТеа тағайындауға өтініш :

1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы (МӘС) – жалпы еңбекке қабілеттіліктен (ЖЕА) айырылу дәрежесі алғаш белгіленген кезде

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы өтініш берген сәтке ЖЕА дәрежесі туралы мәлімет болғанда.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы "бір өтініш" қағидаты бойынша: 

тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің орналасқан жері бойынша;

көшпелі отырыстарда;

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің базасында;

мамандандырылған ұйымдарда емдеуде болған жері бойынша;

көрсетілетін қызметті алушының болатын жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;

үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;

сырттай – ұсынылған құжаттар негізінде куәландырылатын адам тасымалдануға келмейтін болған және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емдеуде болған кезде жүзеге асырылады; 

3) қызмет алушының мобильді телефоны электронды үкімет порталына тіркелген жағдайда sms- хабарлама жолымен қызмет алушының келісімін алған жағдайда 3 күнтізбелік күн ішінде проактивті қызмет көрсетіледі

7. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) қанша уақытта тағайындалады ?

ӘТеа тағайындау мерзімі өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) барлық қажетті құжаттармен тіркелген күннен немесе өтініш берушінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысынан sms- хабарлама жолымен проактивті қызмет арқылы ӘТеа тағайындауға келісім алған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. МӘСҚ осы мақсатта 4 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың және тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен әлеуметтік аударымдарды төлеушіге мәліметтер сұратады. Бұл peттe өтініш берушіні ӘТеа тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы бірақ, өтініш берушіні істің электронды макеті тексеруге жіберілген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жазбаша нысанда хабардар етеді. 

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі МӘСҚ-дан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді:

өтініш беруші өзі жүгінген кезде құжаттарды тексеру туралы хабарламаны тапсыру арқылы;

ақпараттық жүйеде өтініш берушінің ұялы телефон нөмірі болған жағдайда sms-хабарлама жіберу арқылы

8. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) мөлшері қалай анықталады?

Ай сайынғы ӘТеа мөлшері мынадай формула бойынша анықталады: ӘТеа = (ОАК - ЕТЖ 55%) * КАК * ҚӨК * ЕАК, мұндағы:

ОАК - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылуы (ЖЕА) дәрежесін белгілеген айдың, алдындағы 24 айдағы орташа айлық кірісі,      

ОАК = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК24) / 24, мұндағы:     

АК - әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін кірісті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) шегергендегі кіріс)

ЕТЖ - әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақы   

КАК - кірісті алмастыру коэффициентi 0,6-ны құрайды.   

ЕАК 30%-дан 100%-ға дейін белгіленген ЖЕА дәрежесіне сәйкес келеді.   

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті  

6 айдан кем болғанда - 0,1-ді; 

6 айдан 12 айға дейін - 0,7-ні;  

12 айдан 24 айға дейiн - 0,75-ті; 

24 айдан 36 айға дейiн - 0,85-ті; 

36 айдан 48 айға дейiн - 0,9-ды; 

48 айдан 60 айға дейiн - 0,95-ті; 

60 айдан 72 айға дейін - 1,0-ді құрайды; 

60 және одан да көп айға - МӘСЖ қатысу өтілінің әрбір 12 айы үшін 1,0-ге + 2 пайыз қосылып отырады (немесе + толық жыл * 0,02).

Мысал

85 ай қатысу өтілімен және 90% ЖЕА дәрежесімен жүйенің қатысушысы 2 жыл ішінде ЖЕА белгіленген күнге дейін:

бірінші жылы еңбек ақысы 150 000 теңге (ӘА есептеу объектісі МЗЖ шегергенде = 150 000 теңге – 15 000 теңге = 135 000 теңге ),  

екінші жылы еңбек ақысы – 200 000 теңге (ӘА есептеу объектісі МЗЖ шегергенде = 200 000 – 20 000 = 180 000) делік.

Әр ай үшін кіріс Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ӘА есептеу объектісінен түскен ӘА негізінде анықталады.  

24 айдағы кіріс сомасы: 12 ай * 135 000 теңге + 12 ай *180 000 теңге = 3 780 000 теңге.  

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: ОАК = 3 780 000 теңге / 24 = 157 500 теңге

ЕАК = 0,9

КАК = 0,6

ҚӨК = 1+ ((85 ай. – 60 ай) / 12) толық жыл * 0,02 = 1,04


 ӘТеа = (ОАК-55% * ЕТЖ) * ЕАК * КАК * ҚӨК =

(157 000 теңге - 55%*60 000 теңге) * 0,9 * 0,6 * 1,04 = 69 920 теңге.

Көрсетілген сомадан 6 992 теңге 10 % МЗЖ ұсталады және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы алушының шотына аударылады. Егер алушы ұзақтығы мерзімсіз 1 және 2-топтағы мүгедектігі белгіленген адам болса, онда МЗЖ оның өтініші негізінде ұсталады.

ӘТеа алушының банктік шотына = 69 920 теңге – 6 992 теңге = 62 928 теңге ай сайын аударылатын болады.  

01.01.2022ж. бастап ЕТЖ = 60 000 теңге.

9. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТеа) қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен :
1) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы;

2) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы;

3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған;

4) іздестірудегі адамдарды хабарсыз кеткен деп тану фактісінің анықталуы туралы;

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы"  Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактілерінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.

6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін алушының тұрғылықты жерінен тіркеуден шығуы туралы;

7) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы;

8) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы туралы;

9) шетелдіктің ықтиярхат алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы туралы;

10) уәкілетті органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды төлеушілерден өтініш берушінің ӘТеа мөлшерін негізсіз айқындауға әкелетін дәйексіз мәліметтердің түсуі;

11) алушының белгіленген ЖЕА кезеңі аяқталған күннен бастап келесі ЖЕА кезеңі басталғанға дейін мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ӘТеа тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.

10. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтқан адамдарға еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем қалай (ӘТеа) жалғастырылады?

Кеткен елінде төлем алмаған жағдайда ӘТеа тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта жалғастырылады, бірақ мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес көзделген құжаттар негізінде оған жүгінге дейін үш жылдан аспауы қажет.

Бұл ретте, ӘТеа Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткен сәтке белгіленген мөлшерде жалғастырылады. Егер тұруға кеткен кезде ӘТеа мөлшері арттырылса, оның мөлшері осындай арттырулар ескеріле отырып белгіленеді. 

Тұруға кеткен елінде ӘТеа алған жағдайда Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген болса, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес көзделген құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс кеткен сәтте белгіленген мөлшерде өтініш берген күннен бастап қайта басталады.

11. Еңбекке қабілеттіліктен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТеа) қашан тоқтатылады?

ӘТеа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мынадай мәліметтер алынған жағдайда тоқтатылады:

1) алушының қайтыс болуына (соттың хабарсыз кеттi деп тануына немесе қайтыс болды деп жариялауына); Бұл ретте әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды қоса алғанда (соттың хабарсыз кеттi деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап) жүзеге асырылады;

2) алушының әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған, анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;

3) алушының әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

4) алушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы  1-тармағында көзделген жасқа жеткен күннен бастап ерлер - 63 жас, 2022 жылы әйелдер - 60 жас 6 ай (жыл сайын әйелдердің зейнет жасы 6 айға арттырылып отырады, 2027 жылы – 63жас);

5) медициналық-әлеуметтік сараптаманың құрылымдық бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп шешім шыққан күннен бастап.

12. Қандай жағдайларда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемге (ӘТеа) қайта есептеу жүргізіледі?

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылуы дәрежесі (ЖЕА), ЖЕА дәрежесін белгілеу мерзімі өзгерген жағдайда әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Медициналық-әлеуметтік сараптама кезекті қайта куәландыру жүргізген және ЖЕА дәрежесін белгілеген жағдайда ӘТеа тоқтатыла тұрған сәтке белгіленген мөлшерде қайта жалғастырылады.

Егер ЖЕА дәрежесін белгілеудің алдыңғы мерзімі аяқталған күннен алты және одан да көп ай өтсе, ӘТеа қайта есептеуге өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі қабылдайды.

ӘТеа жаңа мөлшері ӘТеа ағымдағы мөлшерін жалпы еңбекке қабілеттігінен айырылудың ағымдағы коэффициентіне бөлу және нәтижесін жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың жаңадан белгіленген коэффициентіне көбейту жолымен анықталады.

Мысал

ӘТеа мөлшері = 60 000 теңге ЕАК = 0,5 болғанда (50% ЖЕА )

ЖЕА 70% - ға дейін артқан жағдайда, ЕАК = 0,7 онда

ӘТеа жаңа мөлшері = ӘТеа / 0,5 * 0,7 = 60 000 теңге / 0,5 * 0,7 = 84 000 теңге

13. ӘТеа мөлшері жыл сайын арттырылып отыра ма?

Жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ӘТеа алушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен көзделген мөлшерде ӘТеа мөлшері арттырылады.