МӘСҚ жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер (ӘТжа) бойынша сұрақтарға жауап

1. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты бар ма?

«Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» бойынша мемлекетік қызметтер көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 8-қосымшасымен бекітілген.

2. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындауға құқық қашан туындайды?

ӘТжа тағайындауға құқық – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап туындайды. 

Осыған байланысты, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) немесе «Электронды еңбек биржасы» порталы (enbek.kz) арқылы жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге өтініш береді. Сонан кейін жұмыспен қамту туралы ҚР заңнамасымен белгіленген мерзімде оны жұмыссыз ретінде тіркейді.

3. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындауға өтініш қайда беріледі?

ӘТжа тағайындауға өтініш:  

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне – жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда          

немесе

халықты жұмыспен қамту орталығына – жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде және жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш беріледі

немесе  

жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда – «электронды үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz)

немесе  

«Электронды еңбек биржасы» порталы (enbek.kz) мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы аталған порталда жұмыссыз ретінде тіркелген кезденемесе  

немесе

қызмет алушының  мобильді телефонының абоненттік нөмірі электронды үкімет порталына тіркелген жағдайда sms - хабарлама жолымен қызмет алушының келісімін алған жағдайда 3 күнтізбелік күн ішінде проактивті қызмет көрсетіледі.

4. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындау үшін қанша уақыт ішінде жүгінуге болады ?

ӘТжа тағайындау үшін өтініш беру мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап 12 айдан аспау керек. 

5. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?

ӘТжа мынадай құжаттардың негізінде тағайындалады:      

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі-жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Өтініш пен құжаттарды қабылдайтын маман «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті АЖ сұрау салу қалыптастырады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры АЖ;

2) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер бойынша екінші деңгейдегі банктердің АЖ-леріне;

3) өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның анықтамасы бойынша «Еңбек нарығы» АЖ.

АЖ мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке банктік шот нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, тиісті құжаттар қоса беріледі.

6. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) қандай кезеңге тағайындалады?

ӘТжа міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысу өтіліне байланысты мынадай кезеңдерге:

МӘСЖ қатысушы үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 1 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 2 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 3 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 36 айдан 48 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 4 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 5 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 60 және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 6 айға тағайындалады.

7. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қандай?

ӘТжа тағайындау мерзімі өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) барлық қажетті құжаттармен жүгінген күннен және өтініш берушінің мобильді телефоннан sms- хабарлама жолымен проактивті қызмет арқылы ӘТжа тағайындауға келісім алған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайды.    

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге және өтініш берушіге сұрау жіберуге құқылы. Бұл peттe, өтініш берушіні ӘТжа тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы бірақ, бiр айдан аспайтын мерзiмде,  өтініш берушіні Мемлекеттік корпорация  арқылы электронды және (немесе) жазбаша нысанда хабардар етеді.

8. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) мөлшері қалай анықталады?

Ай сайынғы ӘТжа мөлшері мынадай формула арқылы анықталады:      

ӘТ жа = ОАК * КАК * ҚӨК, мұндағы:

ОАК – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыссыз ретінде тіркелген айдың алдындағы соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісі    

ОАК = (АК 1 + АК 2 + АК3.......+ АК 24) / 24, мүндағы:

АК – әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін кірістерді, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) шегергендегі кіріс).

КАК - кірісті алмастыру коэффициенті 0,4-ті құрайды;      

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті:  

6 айдан 12 айға дейін - 0,7-ні;  

12 айдан 24 айға дейiн - 0,75-ті;  

24 айдан 36 айға дейiн - 0,85-ті;  

36 айдан 48 айға дейiн - 0,9-ды;  

48 айдан 60 айға дейiн - 0,95-ті;  

60 айдан 72 айға дейін - 1,0-ді құрайды;  

60 және одан да көп айға – МӘСЖ қатысу өтілінің әрбір 12 айы үшін 1,0 + 2 пайыз (немесе + толық жыл * 0,02) қосылып отырады.

Мысалы:

85 ай қатысу өтілі бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі 2 жыл ішінде:  

бірінші жылы еңбек ақысы – 150 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 150 00 теңге – 15 000 = 135 000 теңге),  

екінші жылы еңбек ақысы – 200 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 200 000 – 20 000 = 180 000 теңге).

Әр бір ай үшін кіріс ӘА есептеу объектісінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен ӘА негізінде айқындалады.  

24 айдағы кіріс сомасы: 12 ай * 135 000 теңге + 12 ай * 180 000 теңге = 3 780 000 теңге.  

Алынған соманы 24 бөлінеді ОАК = 3 780 000 теңге / 24 = 157 000 теңге.

КАК (кірісті алмастыру коэффициенті) = 0,4

ҚӨК = 1+ ((85 - 60)/12) толық жыл * 0,02 = 1,04;

ӘТжа = ОАК * КАК * ҚӨК = 157 500 теңге * 0,4 * 1,04 = 65 520 теңге

Көрсетілген 6 552 теңге сомадан 10% МЗЖ ұсталады және алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.  

Банктік шотқа ӘТжа = 65 520 теңге – 6 552 теңге = 58 968 теңге ай сайын аударылатын болады.

60 айдан жоғары қатысу өтілі болған жағдайда ӘТжа 6 айға тағайындалады.

9. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдер (ӘТжа) қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алған жағдайда:

1) алушының Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы;

2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы;

3) іздестірудегі адамдарды хабарсыз кеткен деп тану фактісінің анықталуы туралы;

4) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы;

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі анықталуы туралы ;

6) шет елдіктің ықтиярхат алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі анықталуы туралы ;

7) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ӘТжа алушының тұрғылықты жерінен тіркеуден шыққаны туралы;

8) қайтыс болды немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы;

9) уәкілетті органдар мен ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды төлеушіден өтініш берушінің әлеуметтік төлем мөлшерін негізсіз аанықтауға соқтырған дәйексіз мәліметтерді беру туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ӘТжа тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.

10. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) қашан қайтадан басталады?

Қайта бастау үшін негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда, ӘТжа тоқтатыла тұрған күннен бастап не қайта бастау құқығы басталған кезден бастап қайта басталады.

11. Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) қашан тоқтатылады?

ӘТжа  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алған жағдайда тоқтатуға негіз болып табылатын мән жайлар туған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады:

1) алушының қайтыс болғаны туралы (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған). Бұл ретте, әлеуметтік төлем алушының қайтыс болған айын (хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап) қоса алғанда жүзеге асырылады;

2) алушының әлеуметтік төлем тағайындау үшін негіз болып табылатын дәйексіз құжаттар (мәліметтер) бергені туралы. Бұл ретте, әлеуметтік төлем тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;

3) әлеуметтік төлемді тоқтату туралы алушының өтініш беруіне байланысты. Бұл ретте, әлеуметтік төлем өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;

4) алушының халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде есептен шығарылғаны туралы. Бұл ретте, әлеуметтік төлем алушы жұмыссыз ретінде есептен шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күннінен бастап тоқтатылады.

5) алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағында көзделген жасқа жеткен күннен бастап: ерлер - 63 жас, 2022 жылы әйелдер - 60 жас 6 ай (жыл сайын әйелдердің зейнет жасы 6 айға арттырылып отырады, 2027 жылы – 63жас).

12. Егер жұмыссыз адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылса, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) тоқтатыла ма?

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз адамды әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқуларға жіберген жағдайда, ӘТжа тоқтатылмайды.

13. Егер азамат жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелсе, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) қалай тағайындалады?

Келесі өтініш жасау кезінде ӘТжа жұмысынан айырылу жағдайына арналған, бұрын алып келген ӘТжа әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жалпы қатысу өтілінен 12 айдың шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады. Бұл ӘТжа қайта өтініш жасағанда ӘТжа тағайындау мерзімін, сондай-ақ ӘТжа мөлшерін анықтауға әсер етеді.

Мысалы:

ӘТжа алғаш өтініш берген кезде жұмыскердің жалпы қатысу өтілі 124 айды құрады және оған 6 айға ӘТжа тағайындалды. Егер ол осы көрсетілген кезеңде жұмысқа орналаспаса және ӘТжа алса, онда жұмыссыз ретінде қайта тіркелгенде және келесі ӘТжа өтініш бергенде, оның жалпы жұмыс өтілінен (6 ай. * 12 ай.) = 72 ай шегеріледі.  

Осылайша, кезекті ӘТжа тағайындау үшін қатысу өтілі (124 ай – 72 ай.) = 52 ай болады.  

Сәйкесінше, оған кезекті ӘТжа 5 айға тағайындалады.