ТЖ және карантин кезеңінде әлеуметік аударымдар төлеуден және (немесе) төлем алудан босатылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау


  1. Егер жұмыс беруші ҚР Үкіметінің 20.04.2020ж. №224 қаулысына сәйкес әлеуметтік аударымдар төлеуден босатылса, әлеуметтік төлемнің мөлшері қалай анықталады?
    П"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес әлеуметтік төлемдер мөлшерлемесіне, оның ішінде «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 25 наурыздағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 109 бұйрығының 24-5 тармағына сәйкес әлеуметтік аударымдарға «0» коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесімен көзделген қызметті жүзеге асыратын атамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындағанда : міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, сондай-ақ кірісі жұмыс берушінің берген анықтамасы негізінде ескеріледі. Егер жұмыс беруші 224-қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеуден босатылғандар санатына жатса, онда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін жүгінгенде қосымша жұмыс берушіден кірістері туралы анықтама ұсынады.
    Анықтама нысанын осы сілтемесі бойынша МӘСҚ интернет-ресурсынан «Маңызды ақпарат» бөлімінен алуға болады:
    http://gfss.kz/#/home.
  2. Егер 2020 жылдың 16 наурызынан 11 мамыры аралығында төтенше жағдай кезеңінде (ТЖ) мен еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болсам және ай сайынғы 42500 теңге төлем алсам, әлеуметтік төлемнің мөлшері қалай анықталады?
    «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы»2020 жылғы 25 наурыздағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 109 бұйрығының 24-1 тармағына сәйкес, МӘСҚ әлеуметтік төлем тағайындау үшін кірісті есептеген кезде өтініш берушінің қалауы бойынша 42 500 теңге алған жағдайда төтенше жағдай (ТЖ) болған айлар есептен алып тасталады және көрсетілген кезең алдындағы немесе одан кейінгі басқа тікелей айлармен алмастырылады.