«Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» республикалық семинарын өткізу туралы.

2019 жылғы 1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік сарайында «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар (бұдан әрі - Семинар) өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ.

Семинардың тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңін жүзеге асыруға қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты сындарлы пікірталастар мен шетелдік тәжірибелерді, оның ішінде:
- халықаралық стандарттар мен халықтың сеніміне сәйкес келетін әлеуметтік төлемдерді, әлеуметтік көмек пен арнауы әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз етуді;
- әлеуметтік қамсыздандыруды инновациялық және технологиялық дамыту, оның ішінде, міндетті әлеуметтік сақтандыруды жаңғырудың тетіктері;
- әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін автоматтандыруды және цифрландыруды;
- әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бірыңғай оператордың артылықшылықтарын талқылау.

Семинарға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, БЖЗҚ, «Еңбекті дамыту орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы »АҚ, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының, Зейнетақы және әлеуметтік қорлардың халықаралық қауымдастығының және басқа ұйымдардың өкілдері қатысады.

Семинар және алдыңғы әлеуметтік теориялар мен әлеуметтік сақтандыру практикасының қарастыру, әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдерін талқылау үшін диалог алаңы ретінде болады.



 

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесін өткізу туралы

2019 жылдың 1 қарашасында Нұр-сұлтан қаласының «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесі өтеді (Бұдан әрі – Көрме).

Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.

Көрме Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдаң бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні қарсаңында өтеді.

2013-2019 жылдар аралығында 1192 жоба сайысқа қатысып, оның ішінде 228 өңірлік деңгейде ұтып, 19-ы республикалық дәрежеде жеңімпаз атанды.

Осы жылы үздік әлеуметтік жобалар бес бағыт бойынша бағаланады:
- «Әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын ақпараттандыру» (33 жоба);
- «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту» (35 жоба);
- «Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету» (84 жоба);
- - «Мүмкіндігі шектеулі жаңдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамту» (41 жоба);
- «Өмірдегі қиын жағдайларды еңсеруге көмек көрсету» (31 жоба).

2019 жылы берілген 224 жобадан өңірлік дәрежеде 57 жоба іріктеліп республикалық көрмеге қатысады.

Аталған шараның басты мақсаты үздік әлеуметтік жобаларды таңдап қолдау көрсету, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, әлеуметтендіруге бағытталған жобаларды демеу, әлеуметтік мәселелерге азаматтық қоғамның назарын аудару. Ең бастысы өмір сүруге тең мүмкіндіктер мен шығармашылық әлеуетін дамыту жолында қоғамнын өзі-өзіне көмек бере алатынына көз жеткізу.

Қазақстанда әлеуметтік жобаларды іске асыру нәтижесінде жүз мыңнан астам адам өмірлік қиын жағдайларды жеңу жолында қолдау мен қамқорлықты сезініп жүр.

Наверх