Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 22-тармағына сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Қор) құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін 2023 жылдың 5 қазанында жария талқылауға салынатыны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі nөрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Қор) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қордың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатыны туралы хабарлайды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі – бұл ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оны болдырмаудың тиімді құралдарының бірі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің нәтижесінде жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауымен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ компанияға (тек материалдық қана емес, беделдік те) залал келтіру тәуекелі төмендейді. Осы мақсатта «МӘСҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2023 жылғы 21 маусымдағы №5 хаттама) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қордың Корпоративтік хатшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функциясы жүктелген.  

Комплаенс - қызметінің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың ықтимал немесе белгілі жағдайлары туралы ақпаратты мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы хабарлауға болады:

Сенім телефоны - 8 (7172) 983-919

Электрондық пошта мекенжайы: info@gfss.kz

Пошта мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17-үй (15-қабат)


Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 5 шешімі


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат


Мінез-құлық және әдеп кодексі


МӘСҚ лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлерінің мудделер қақтығысын реттеу саясаты


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша нұсқаулық


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсыныстардың орындалуы туралы ақпарат


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметі туралы ереже
Наверх