Бұдан әрі «Қауымдастық» деп аталатын Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы қоғамдық пайдалы міндеттерге қол жеткізу үшін, жалпы мүдделерді білдіру мен қорғау мақсатында құрылған, өзінің заңды тұлға ретіндегі құрамында ерікті мүшелікті біріктіретін коммерциялық емес корпоративтік ұйым болып табылады.

Қауымдастықты құрудың және оның қызметінің мақсаты өз мүшелерінің қызметін үйлестіру, Қауымдастық мүшелерінің қоғамдық пайдалы мақсаттарына қол жеткізу үшін заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың үшінші тұлғаларға қатысты мүдделерін қорғау, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыруды қорғауға, қолдауға және дамытуға бағытталған Қауымдастық мүшелерінің арасында халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады.

Қауымдастық қызметінің мәні:

  • Қауымдастыққа мүше – елдердегі әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ақпараттарды жинау, талдау жасау және тарату;
  • әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді, құжаттар мен материалдарды, баяндамалар мен мақалаларды дайындау және жинақтар шығару
  • зейнетақымен қамсыздандыруды және әлеуметтік сақтандыруды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге және экономикалық реформаларды жүргізуге байланысты әлеуметтік шиеленісті төмендету бойынша шараларға қатысу;
  • Қауымдастықтың құқық саласындағы мүшелерінің ынтымақтастығы, оның ішінде көпжақты және екі жақты байланыстар (келісімдер) және ұлттық заңнамаларды жақындастыру;
  • зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру бойынша халықаралық шарттардан (келісімдер) туындайтын өзара міндеттемелерді орындауға көмектесу;
  • Қауымдастық мүшелерінің өтінішімен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер жобаларына, материалдар мен құжаттарға, баяндамалар мен мақалаларға сараптама жүргізу немесе жүргізуге көмектесу, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, болашағы бар зерттеу жобаларын инвестициялау;
  • Қауымдастыққа мүше елдер мен басқа мемлекеттердегі әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің дамуына көмек көрсету;
  • халықаралық және басқа да ұйымдармен және мекемелермен қатынасында Қауымдастықтың тапсырмасымен олардың мүддесін қорғау;
  • халықаралық конференциялар, кеңестер және шаралар ұйымдастыру, Қауымдастық мүшелері персоналдарының дайындығын ұйымдастыру және олардың біліктілігін арттыру;
  • Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ), басқа да халықаралық ұйымдармен және мекемелермен ынтымақтастық.

Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы - Қауымдастықтың жоғарғы органы болып табылады. Дирекция - Қауымдастықтың атқарушы органы болып табылады.

Қауымдастық әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру саласындағы мәселелермен шұғылданатын өзінің мүшелері ретінде қорларды, ұйымдарды, мекемелерді қабылдау үшін ашық.


Байланыс ақпараты

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының директоры
Аметов Евгений Кязимович

Телефон: (495) 448-2178
Факс: (495) 448-2178
E-mail: apsf@apsf.ru

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы кеңесшісі
Селиверстова Елена Александровна

Телефон: (495) 416-8635
Факс: (495) 448-2178
E-mail: seliverstova1957@mail.ru

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы Директорының бірінші орынбасары
Мордвинцев Андрей Валентинович

Телефон: (495) 416-8042
E-mail: Mordvintsev_mapsf@mail.ru


Ресми сайты http://apsf.ru/Main.shtml