Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша сұрақтарға жауап
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды есептеу және төлеу тәртібі бар ма?
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген - Кімдер әлеуметтік аударымдарды төлеушілер болып табылады?
Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi:
1) жұмыс берушi,
22) дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы,
3) лицо, занимающееся частной практико3) жеке практикамен айналысатын адам,й,
4) 4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы". Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
ПТөлеушілер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңмен (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асырады. - Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің міндеттері қандай?
Төлеушi:
1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;
2) МӘСҚ төленетiн әлеуметтiк аударымдардың сомаларын есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбеген жағдайда, өсiмпұл есептеудi өзі дербес жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтық есептілікті ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген және төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын бастапқы есепке алуды жүргізуге;
5) жұмыскерге тиісті кезеңде тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оған МӘСҚ төленген әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы мәліметтер ұсынуға;
6) МӘСҚ сұрау салуы бойынша, әлеуметтік төлем тағайындауға қажетті ақпарат беруге;
7) мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға мiндеттi.
Сонымен қатар, әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi. - Әлеуметтік аударымдар кімдер үшін төленеді?
Әлеуметтік аударымдар:
1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;
33) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) Салық кодексі 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын етелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар үшін әлеуметтік аударымдар төленеді. - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің резидент емес жеке тұлғаларына әлеуметтік аударымдар төленуі керек пе?
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одағы туралы Шарттың 98-бабы 3-тармағына сәйкес мүше-елдер еңбеккерлері мен отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) (зейнетақыдан басқа) еңбекке орналасқан мемлекеттің азаматтары сияқты тәртіппен және жағдайда жүзеге асырылады.
Еуразия экономикалық одағына мүше-елдерден резидент емес жеке адамдармен жасалған еңбек шарттары бойынша жұмыс беруші жұмыскердің Қазақстан Республикасында тұруға және (немесе) тұрақты тұруға ыхтиярхатының болу болмауына байланыссыз әлеуметтік аударымдар төлеуге міндетті. - Әлеуметтік аударымдар төлеуден кімдер босатылған?
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар әлеуметтiк аударымдар төлеуден босатылған: ерлер-63 жас, әйелдер-60 жас 6 ай 2022 жылы (жыл сайын әйелдер үшін зейнет жасы 6 айға артып отырады, 2027 жылы-63 жас). - Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі қандай?
Төлеушілердің мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн және (немесе) өз пайдасына МӘСҚ төлеуіне жататын әлеуметтiк аударымдары әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар тиындардың сомасына қарамастан 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Салық кодексінің 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдар есептелетін объектінің 20 пайызын құрайды және дөңгелектенуге жатпайды . - Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі қалай айқындалады?
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып:
1) МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлерге, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді.
2) Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін мыналар:
өзі үшін – алатын кірісінің өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;
жалдамалы жұмыскерлер үшін – МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін шығыстар әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады
3) республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде АЕК 0,5 еселенген мөлшері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объектілер болып табылады.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.
4) МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, ҚР аумағында тұрақты тұратын және ҚР аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ қандастарға МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады. - Қандай кірістерден МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейді?
Мынадай кірістерден әлеуметтік аударымдар төленбейді:
1) Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында белгіленген;
2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістерден төленбейді.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде жұмыскердің салық салынатын кірісіне Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген түзетулер қолданылмайды;
33) Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.Көрсетілген нормалар БЖТ төлеушілерге қолданылмайды. - Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғарғы объектісі белгіленген бе?
БЖТ төлеушілерді қоспағанда, бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының (бұдан әрі - ЕТЖ) 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
2022 жылы: ЕТЖ = 60 000 теңге;
Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғарғы объектісі:
7 * 60 000 теңге = 420 000 теңге. - Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең төменгі объектісі белгіленген бе?
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ЕТЖ мөлшерінен кем болса, онда БЖТ төлеушілерді қоспағанда, әлеуметтік аударымдар жалақының ЕТЖ негізге алына отырып есептеледі және аударылады.
2022 жылы әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең төменгі объектісі 1 ЕТЖ = 60 000 теңге. - Қандай төлеушілерге қатысты әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылады?
"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 1-қосымшасына сәйкес:
- дара кәсіпкерлердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, кіші, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілерінің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелеріне;
- Қаулының 2- қосымшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметтерін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілердің төлейтін әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелеріне, оның ішінде салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты МӘСҚ төленетін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылады. - Әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қай кезеңнен бастап қолданылады?
"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 1-қосымшасына сәйкес мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты әлеуметтік аударымдар мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті қолданылады:
- Қаулының 1-қосымшасындағы қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі, ал дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есебіне жазу) міндеттемелері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі;
- Қаулының 2-қосымшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын. - Төлеушілер үшін белгіленген әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі қандай?
Төлеушi МӘСҚ әлеуметтiк аударымдарды ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей төлейдi.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Салық кодексінде көзделген мерзімде төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдарды төлеудің ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді.
Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін жеке тұлға сондай төлем жүргізген күннен бастап БЖТ төлеуші болып табылады. - Әлеуметтік аударымдарды төлеу қалай жүргізіледі?
Төлеушi МӘСҚ әлеуметтiк аударымдарды ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемкорпорация) банк шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен өзiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.
Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Әлеуметтік аударымдар төлемін төлеушілер олар үшін әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімін қоса бере отырып жүзеге асырады.
Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса); туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (ай, жыл) қамтуға тиiс.
Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді "Төлемдерді тағайындау" деген бағанда көрсетеді. - Басқа есепті кезеңге ауыстыра отырып, артық төленген әлеуметтік аударымдар сомасын түзетуге бола ма?
Төлеуші әлеуметтік аударымдардың кезеңді көрсете отырып, яғни әр бір айды жеке көрсетіп ай сайын төлейді. Артық төленген немесе жеткіліксіз төленген әлеуметтік аударымдарды түзету және есепке жатқызу Заңда өзделмеген.
Егер төлеуші МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды артық (қате) төлеген жағдайда, оған міндетті түрде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтаруды жүргізу керек. Бұл әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдар төленген ай сайынғы кірісі ескерілетініне байланысты.
Әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізу тәртібімен танысуға және қажетті құжаттарды осы сілтемесі бойынша МӘСҚ www.gfss.kz интернет ресурсынан алуға болады: www.gfss.kz по ссылке http://gfss.kz/#/socialcontributions/return. - Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу қалай жүргізіледі?
Төлеушілер әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшiн өсiмпұлдар бойынша берешекті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар тізімін қоса бере отырып, кезең (ай (айлар), жыл (жылдар) үшін жүргізеді. - Төленген әлеуметтік аударымдар сомасы төлеушіге неге қайтарылды?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бойынша әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшiн өсiмпұлдарды келесі жағдайларда автоматты түрде қайтарады:
1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;
2) «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабы 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар үшін (ерлер – 63 жас, 2022 жылы әйелдер – 60 жас 6 ай (жыл сайын әйелдердің зейнет жасы 6 айға ұлғайып отырады, 2027 жылы – 63 жас);
3) бір төлеушіден 7 ЕТЖ артық әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен әлеуметтік аударымлар төленген (2022 жылы әлеуметтік аударымдардың ең жоғарғы мөлшері: 3,5% х (7 х 60 000 теңге) = 14 700 теңге);
4) егер әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды әлеуметтік аударымдарды төлеуші болып табылмайтын жеке тұлғалар төлесе. - Төлеуші аударылған әлеуметтік аударымдар сомасы туралы ақпарат алу үшін қайда жүгінеді?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл туралы ақпарат алу үшін төлеуші өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.Өтініш нысанын осы сілтемесі бойынша алуға болады: http://gfss.kz/#/socialcontributions/info. - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары туралы ақпаратты қанша уақытта дайындайды?
Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны төлеушіге береді. - Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты кімнен сұрайды?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін:
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен (мекенжайларыhttps://gov4c.kz/ru/contacts/adresa/);
или
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен МӘСҚ филиалдарына өтінішпен (мекен-жайлары http://gfss.kz/#/contacts/branches);
немесе
электронды үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) www.egov.kz ЭЦҚ қолданумен сұрау жіберу жолымен жүгіне алады.
Өтініш нысанын осы сілтемесі бойынша алуға болады: http://gfss.kz/#/socialcontributions/govservices. - Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат қанша уақытта беріледі?
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты беру 10 минут ішінде жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең ұзақ күтудің рұқсат етілетін уақыты жүгінген күні орнында - 15 минут.
Ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 минут. - Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін қандай құжаттар қажет?
Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) МӘСҚ филиалына
өзі жүгінгенде:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш. - Қандай жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алудан бас тартылады?
Мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) МӘСҚ филиалының қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.