1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар бар ма?
«Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 238 бұйрығымен бекітілген "Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына" 4-қосымшасымен бекітілген.
2.Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындауға құқық қашан туындайды?
ӘТеа алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.
3.Егер азамат жұмыс істеуді жалғастырса еңбекке қабілеттіліктен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындала ма?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 171-бабының 7-тармағына сәйкес, ӘТеа әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады. Осылайша, ӘТеа алушыға жұмыс істеуге және табыс табуға болады.
4.Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) қандай кезеңге тағайындалады?
ӘТеа медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбекке қабілеттіліктен (ЖЕА) айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап ЖЕА белгіленген барлық кезеңге, бірақ жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасынан аспайтын кезеңге тағайындалады, 2025 жылы ерлер - 63 жас, әйелдер - 61жас.
5.Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?
ӘТеа мынадай құжаттар негізінде тағайындалады:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;
Өтінішті және құжаттарды қабылдайтын маман «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі - АЖ) сұрау салулар қалыптастырады:
1)«Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша;
2)екінші деңгейдегі банктердің АЖ-ға банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған шотының нөмірі туралы мәліметтер бойынша;
3)«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған банкі» АЖ-ға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу туралы анықтама бойынша сұрау салулар қалыптастырады.
Банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, АЖ мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.
6.Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) тағайындауға өтініш қайда беріледі?
ӘТеа алуға құқығы бар адамдар:
1)жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу (ЖЕА) дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде «бір өтініш" қағидаты бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы (МӘС) бөлімшесі арқылы;
Бұл ретте өтінішті қабылдау:
тиісті өңірдің МӘС бөлімшесінің орналасқан жері бойынша;
өткізу тәртібі Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын МӘС бөлімшелерінің көшпелі отырыстарында:
өтініш берушінің тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелерінің базасында;
мамандандырылған мекемелерде емдеуде болған жері бойынша;
мамандандырылған ұйымдарда емдеуде болған жері бойынша;
өтініш берушінің болатын жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;
сырттай – куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен, қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде тасымалданбайтын және/немесе стационарлық емдеуде болған кезде куәландырылатын адамның немесе заңды өкілдің келісімімен Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) айқындалған, ұсынылған құжаттар негізінде куәландырылатын адам тасымалдануға келмейтін болған және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емдеуде болған кезде жүзеге асырылады;
немесе
2)өтініш берген сәтте ЖЕА дәрежесі белгіленген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы;
немесе
3)өтініш берген сәтте жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі электронды үкіметтің порталында (egov.kz) тіркеген кезде sms-хабарлама жолымен 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет алушының келісімін алған жағдайда проактивті қызмет көрсетіледі. Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді. 7.Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) қанша уақытта тағайындалады?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ӘТеа тағайындауға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды.
ӘТеа тағайындау үшін Мемлекеттік корпорациядан басқа Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы да жүгінуге болады, бұл жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі де сегіз жұмыс күнін құрайды.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе проактивті қызмет арқылы жүгінген жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі төрт жұмыс күнін құрайды.
МӘСҚ ӘТеа тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге және өтініш берушіге сұрау жіберуге құқылы.
Бұл peттe өтініш берушіні әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы бірақ, бiр айдан аспайтын мерзiмде, жазбаша нысанда хабардар етеді.
Егер ӘТеа тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін электрондық іс макетіне (бұдан әрі - ЭІМ) қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттігі анықталса, Қор филиалы ЭІМ-ді ӘТеа тағайындауға арналған құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады. Жете ресімдеу мерзімі Қордың филиалы ЭІМ жете ресімдеуге жіберген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі Қор филиалынан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні:
өтініш беруші жеке өзі жүгінген кезде құжаттарға тексеру жүргізу туралы немесе құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы хабарламаны тапсыру арқылы;
АЖ-да өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі болған кезде ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
8.Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) мөлшері қалай анықталады?
Ай сайынғы ӘТеа мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:
ӘТеа = (ОАК - ЕТЖ 50%) * КАК * ҚӨК * ЕҚА, мұндағы:
ОАК - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылуы (ЖЕА) дәрежесін белгілеген айдың, алдындағы 24 айдағы орташа айлық кірісі,
ОАК = (АК1 + АК2 + АК3...... + АК24) / 24, мұндағы:
АК - әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін кірісті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) шегергендегі кіріс)
ЕТЖ - әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақы
КАК - кірісті алмастыру коэффициентi 0,6-ны құрайды.
ЕҚА - еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенті, 30%-дан 100%-ға дейін белгіленген
ЖЕА дәрежесіне сәйкес келеді
ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті
6 айдан кем болғанда - 0,1-ді;
6 айдан 12 айға дейін - 0,7-ні;
12 айдан 24 айға дейiн - 0,75-ті; .
24 айдан 36 айға дейiн - 0,85-ті;
36 айдан 48 айға дейiн - 0,9-ды;
48 айдан 60 айға дейiн - 0,95-ті;
60 айдан 72 айға дейін - 1,0-ді құрайды;
алпыс және одан да көп айдан бастап – 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды.
кезекті медициналық-әлеуметтік сараптамада қайта куәландыру кезінде жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі өзгергенде. Бұл ретте, ӘТеа жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген күннен бастап жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеудің алдыңғы мерзімі өткен сәтте белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
ҚӨК = 1,0+0,02*ТҰТАС ((Аәа - 60 ай)/12 ай), мұндағы
1,0 – ҚӨК қатысу өтілі алпыс айдан жетпіс екі айға дейін;
Айырмашылықты бөлуден ТҰТАС (Аәа – 60 ай) 12 айға – бес жылдан асатын қатысу өтілінен кейін әрбір жыл үшін 0,02 мәні қолданылатын толық жылдар саны.
Аәа – әлеуметтік аударымдар түскен күнтізбелік айлардың жалпы саны.
Мысал
85 ай қатысу өтілімен және 90% ЖЕА дәрежесімен жүйенің қатысушысы 2 жыл ішінде ЖЕА белгіленген күнге дейін:
бірінші жылы еңбек ақысы 150 000 теңге (ӘА есептеу объектісі МЗЖ шегергенде = 150 000 теңге – 15 000 теңге = 135 000 теңге ),
екінші жылы еңбек ақысы – 200 000 теңге (ӘА есептеу объектісі МЗЖ шегергенде = 200 000 – 20 000 = 180 000) делік.
Әр ай үшін кіріс Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ӘА есептеу объектісінен түскен ӘА негізінде анықталады.
24 айдағы кіріс сомасы: 12 ай * 135 000 теңге + 12 ай *180 000 теңге = 3 780 000 теңге.
Алынған соманы 24 айға бөлеміз: ОАК = 3 780 000 теңге / 24 = 157 500 теңге
ЕАК = 0,9
КАК = 0,6
ҚӨК = 1+ ((85 ай. – 60 ай) / 12) толық жыл * 0,02 = 1,04
ӘТеа = (ОАК-50% * ЕТЖ) * ЕАК * КАК * ҚӨК =(157 000 теңге - 50%*85 000 теңге) * 0,9 * 0,6 * 1,04 = 64 584 теңге.
Көрсетілген сомадан 6 458 теңге 10% МЗЖ ұсталады және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы алушының шотына аударылады. Егер алушы ұзақтығы мерзімсіз 1 және 2-топтағы мүгедектігі белгіленген адам болса, онда МЗЖ оның өтініші негізінде ұсталады.
ӘТеа алушының банктік шотына = 64 584 теңге – 6 458теңге = 58 126 теңге ай сайын аударылатын болады. 01.01.2025ж. бастап ЕТЖ = 85 000 теңге.
9.Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?
ӘТеа:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.
ӘТеа алушы болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адам кету елінде төлем алмаған жағдайда ӘТеа төлеу тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алу үшін жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қайта басталады.
Бұл ретте ӘТеа Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері барлық арттыру ескеріліп белгіленеді.
Кету елінде төлем алынған жағдайда ӘТеа Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде жүгінген күннен бастап қайта басталады;
3) қорғаншы болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа қорғаншы болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
5) ӘТеа алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
8) өтініш берушінің ӘТеа-нің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
9) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте ӘТеа бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
10. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтқан адамдарға Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қалай (ӘТеа) жалғастырылады?
ӘТеа еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық сақталған жағдайда әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
11. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) қашан тоқтатылады?
ӘТеа:
1) алушы қайтыс болған жағдайда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда) тоқтатылады. Бұл ретте ӘТеа алушы қайтыс болған айды (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды) қоса алғанда төленеді;
2) алушының ӘТеа тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТеа тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;
3) алушының ӘТеа тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТеа өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
12. Қандай жағдайларда Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге (ӘТеа) қайта есептеу жүргізіледі?
Қор филиалы «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде ӘТеа қайта есептеу туралы шешім қабылдайды:
жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өзгергенде, ол белгіленген (өзгерген) күннен бастап. Бұл ретте ӘТеа жаңа мөлшері ӘТеа ағымдағы мөлшерін жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылудың ағымдағы коэффициентіне бөлу және нәтижені жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылудың қайтадан белгіленген коэффициентіне көбейту жолымен есептеледі;
кезекті медициналық-әлеуметтік сараптамада қайта куәландыру кезінде жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі өзгергенде. Бұл ретте, ӘТеа жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген күннен бастап жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеудің алдыңғы мерзімі өткен сәтте белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесінен мәліметтер болмаған кезде жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі немесе мерзімі өзгерген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген күннен бастап ӘТеа тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы Қор филиалы шешімінің жобасын қалыптастырады және Қордың филиалына жібереді.
Бұл ретте, егер жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеудің алдыңғы мерзімі аяқталған күннен бастап 6 және одан да көп ай өтсе, ӘТеа қайта есептеу үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы ӘТеа тағайындау үшін өтінішті қабылдауды жүзеге асырады.
Мысал
ӘТеа мөлшері = 60 000 теңге ЕАК = 0,5 болғанда (50% ЖЕА)ЖЕА 70% - ға дейін артқан жағдайда, ЕАК = 0,7 ондаӘТеа жаңа мөлшері = ӘТеа / 0,5 * 0,7 = 60 000 теңге / 0,5 * 0,7 = 84 000 теңге
13. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТеа) мөлшері жыл сайын арттырылып отыра ма? Жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қаңтарына ӘТеа алушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен көзделген мөлшерде ӘТеа мөлшері арттырылады.