МӘСҚ жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) бойынша сұрақтарға жауап

1.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар бар ма?

«Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау» бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының 3-қосымшасымен бекітілген. Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас  тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының 3-қосымшасымен бекітілген..

2.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындауға құқық қашан туындайды?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап ӘТжа алу құқығы туындайды.  

Осыған байланысты, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы мансап орталығы немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) немесе «Электронды еңбек биржасы» порталы (enbek.kz) арқылы жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге өтініш береді. Сонан кейін жұмыспен қамту туралы ҚР заңнамасымен белгіленген мерзімде оны жұмыссыз ретінде тіркейді.

3.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындауға өтініш қайда беріледі?

ӘТжа алуға құқығы бар адамдар:  

жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде          

немесе

Мемлекеттік корпорация; адамды жұмыссыз ретінде тіркеу және «бір өтініш» қағидаты бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау кезінде мансап орталығы;

немесе 

жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда – «электронды үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz)  

немесе 

жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы;  

немесе

«Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде көрсетілген портал;

Қызмет алушының  мобильді телефонының абоненттік нөмірі электронды үкімет порталына тіркелген жағдайда sms - хабарлама жолымен қызмет алушының келісімін алған жағдайда

3 күнтізбелік күн ішінде проактивті қызмет көрсетіледі.

4.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындау үшін қанша уақыт ішінде жүгінуге болады?

ӘТжа тағайындау үшін өтініш беру мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап 12 айдан аспау керек.  

5.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындау үшін қандай құжаттар қажет?

ӘТжа мынадай құжаттардың негізінде тағайындалады:      

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі-жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.

Өтініш пен құжаттарды қабылдайтын маман «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге (АЖ) сұрау салу қалыптастырады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры АЖ;

2) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер бойынша екінші деңгейдегі банктердің АЖ-леріне;

3) өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның анықтамасы бойынша «Еңбек нарығы» АЖ.

АЖ мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке банктік шот нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, тиісті құжаттар қоса беріледі.

6.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) қандай кезеңге тағайындалады?

ӘТжа міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – МӘСЖ) қатысу өтіліне байланысты мынадай кезеңдерге:

МӘСЖ қатысушы үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 1 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 2 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 3 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 36 айдан 48 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 4 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 5 айға;

МӘСЖ қатысушы үшін 60 және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – 6 айға тағайындалады.

7. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қандай?

Мемлекеттік корпорация немесе мансап орталығы арқылы ӘТжа тағайындауға жүгінген жағдайда қызмет алты жұмыс күні ішінде көрсетілетін болады.

Портал, «Электрондық еңбек биржасы» порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүгінген жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі төрт жұмыс күнін құрайды.

МӘСҚ әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге және өтініш берушіге сұрау жіберуге құқылы.  Бұл peттe, өтініш берушіні ӘТжа тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы бірақ, бiр айдан аспайтын мерзiмде, арқылы электронды және (немесе) жазбаша нысанда хабардар етеді.

8.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) мөлшері қалай анықталады?

Ай сайынғы ӘТжа мөлшері мынадай формула арқылы анықталады:      

ӘТжа = ОАК * КАК * ҚӨК, мұндағы:

ОАК – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыссыз ретінде тіркелген айдың алдындағы соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісі

ОАК = (АК 1 + АК 2 + АК3.......+ АК 24) / 24, мүндағы:

АК – әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін кірістерді, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) шегергендегі кіріс).

КАК - кірісті алмастыру коэффициенті 0,45ті құрайды;      

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті:  

6 айдан 12 айға дейін - 0,7-ні;  

12 айдан 24 айға дейiн - 0,75-ті;  

24 айдан 36 айға дейiн - 0,85-ті;  

36 айдан 48 айға дейiн - 0,9-ды;  

48 айдан 60 айға дейiн - 0,95-ті;  

60 айдан 72 айға дейін - 1,0-ді құрайды;  

60 және одан да көп айға – МӘСЖ қатысу өтілінің әрбір 12 айы үшін 1,0 + 0,02 қосылып отырады, бірақ 1,3-тен аспайды.

Қатысу өтілі 72 және одан да көп айды құраса, ҚӨК мынадай формула бойынша айқындалады:

      ҚӨК = 1,0+0,02 * ТҰТАС ((Аәа-60 ай) / 12 ай), мұндағы

     1,0 – ҚӨК қатысу өтілі алпыс айдан жетпіс екі айға дейін;

      Айырмашылықты бөлуден ТҰТАС (Аәа – 60 ай) 12 айға – бес жылдан асатын қатысу өтілінен кейін әрбір жыл үшін 0,02 мәні қолданылатын толық жылдар саны.  

     Аәа – әлеуметтік аударымдар түскен күнтізбелік айлардың жалпы саны.

Мысалы:

85 ай қатысу өтілі бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі 2 жыл ішінде:  

бірінші жылы еңбек ақысы – 150 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 150 00 теңге – 15 000 = 135 000 теңге),  

екінші жылы еңбек ақысы – 200 000 теңге (МЗЖ шегергендегі ӘА есептеу объектісі = 200 000 – 20 000 = 180 000 теңге).

Әр бір ай үшін кіріс ӘА есептеу объектісінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен ӘА негізінде айқындалады.  

24 айдағы кіріс сомасы: 12 ай * 135 000 теңге + 12 ай * 180 000 теңге = 3 780 000 теңге.  

Алынған соманы 24 бөлінеді ОАК = 3 780 000 теңге / 24 = 157 000 теңге.

КАК (кірісті алмастыру коэффициенті) = 0,45

ҚӨК = 1+ ((85 - 60)/12) толық жыл * 0,02 = 1,04;

ӘТжа = ОАК * КАК * ҚӨК = 157 500 теңге * 0,45 * 1,04 = 73 710 теңге

Көрсетілген 7 371 теңге сомадан 10% МЗЖ ұсталады және алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.  

Банктік шотқа ӘТжа = 73 710 теңге – 7 371 теңге = 66 339 теңге ай сайын аударылатын болады.

60 айдан жоғары қатысу өтілі болған жағдайда ӘТжа 6 айға тағайындалады.

9. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) қандай жағдайларда тоқтатыла тұрады?

ӘТжа мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:

      1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап қайта басталады;

      2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;

      3) өтініш берушінің жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет. ӘТжа тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.

10.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) қашан қайтадан басталады?

Қайта бастау үшін негіз болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда, ӘТжа тоқтатыла тұрған күннен бастап не қайта бастау құқығы басталған кезден бастап қайта басталады.

11.Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжа) қашан тоқтатылады?

ӘТжа:тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған (соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайда тоқтатылады. Бұл ретте ӘТжа алушының қайтыс болған айын қоса алғанда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды қоса алғанда) жүзеге асырылады;

       2) алушының ӘТжа тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТжа тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;  

      3) алушының ӘТжа тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте ӘТжа өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;

      4) мансап орталығында алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап;

       5) алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

12. Егер жұмыссыз адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылса, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) тоқтатыла ма?

Егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Мансап орталығы субсидияланатын жұмыс орындарына, кәсіптік оқуға жіберу фактісіне қарамастан ӘТжа тағайындалады.

13. Егер азамат жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелсе, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) қалай тағайындалады?

Келесі жүгіну кезінде ӘТжа бұрын алынған ӘТжа-ның әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен 12 ай шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады. Бұл ӘТжа қайта өтініш жасағанда ӘТжа тағайындау мерзімін, сондай-ақ ӘТжа мөлшерін анықтауға әсер етеді.

Мысалы:

ӘТжа алғаш өтініш берген кезде жұмыскердің жалпы қатысу өтілі 124 айды құрады және оған 6 айға ӘТжа тағайындалды. Егер ол осы көрсетілген кезеңде жұмысқа орналаспаса және ӘТжа алса, онда жұмыссыз ретінде қайта тіркелгенде және келесі ӘТжа өтініш бергенде, оның жалпы жұмыс өтілінен (6 ай. * 12 ай.) = 72 ай шегеріледі.  

Осылайша, кезекті ӘТжа тағайындау үшін қатысу өтілі (124 ай – 72 ай.) = 52 ай болады. 

Сәйкесінше, оған кезекті ӘТжа 5 айға тағайындалады. 

14. Мен 1 500 000 теңге көлемінде жалақы алдым, бірақ жұмысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы (ӘТжа) мен күткеннен аз болды, оның немен байланысты екенін түсіндіріңізші? 

ӘТжа мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін (ОАК) тиісті кірісті алмастыру және қатысу өтілі коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады.  

ОАК мөлшері ӘТжа алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар (ӘА) жүргізілген кірістер сомасын 24-ке бөлу жолымен айқындалады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 2-бабының 245-тармағына сәйкес бір төлеушіден ӘА есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (2023 ж.: 7 * 70000 теңге = 490 000 теңге, 2024 жылы: 7 * 85000 теңге = 595 000 теңге, 2025 жылы: 7 * 85000 теңге = 595 000 теңге). Осыған байланысты, егер ай сайынғы кіріс көрсетілген сомадан көп болса, онда ӘА 7 ЕТЖ-дан төленеді.

Осылайша, ОАК айқындау кезінде кірістер сомасы осы 7 ЕТЖ шектеуге сүйене отырып айқындалды. 

ChatbotГосударственный фонд социального страхования
X
Здравствуйте!
Сәлеметсіз бе!
1 - Для выбора русского языка
2 - Қазақ тілін таңдау үшін
Наверх