«Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша жиі қойылатын сұрақтар»

1. АҚС шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар (ӘА) қалай төленеді? Салық агентінің есебінен немесе жеке тұлғаның?

Жауап:

Нысанасы жұмыстарды орындау  (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) төлеуші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері болып табылады.

ӘА есептеу объектісі болып табылады:

жеке тұлғаның салықтық кезең үшін есептелген, нысанасы төлем көзінен салық салуға жататын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын АҚС шарт бойынша кіріс сомасы

алу салықтық кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары

алу салықтық кезең үшін төлем көзінен салық салуға жататын Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кірістер .

 

2. Төлеуші АҚС шарттар бойынша ӘА бойынша міндеттемені жеке тұлғаның табысынан ӘА ұстамай-ақ өз қаражаты есебінен орындауға құқылы ма?

Жауап:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларының 10-1 тармағына сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың әлеуметтік аударымдарын есептеуді, ұстап қалуды және Қорға аударуды төлеушілер осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады.

 

3. Шектеулерді қолдана отырып есептеу мысалдары.

Мысал 1.

 АҚС шарты бойынша алынатын кіріс –  595 000 теңге;;

01.01.2025 ж. бастап ӘА ставкасы – 5%; МЗЖ ставкасы – 10%;

ӘА мөлшері = (Кіріс - МЗЖ) * ӘА ставкасы;

ӘА төлеуге = (595 000 теңге – 59 500 теңге) * 5% =   26 775 теңге.

 

Мысал 2.

АҚС шарты бойынша алынатын кіріс –  10 000 теңге;

01.01.2025 ж. бастап ӘА ставкасы – 5%; МЗЖ ставкасы – 10%;

ӘА мөлшері = (Кіріс - МЗЖ) * ӘА ставкасы;

ӘА төлеуге = (10 000 теңге – 1000 теңге) * 5% = 450 теңге.

 

Мысал 3.

АҚС шарты бойынша алынатын кіріс –  1 000 000 теңге;

01.01.2025 ж. бастап ӘА ставкасы – 5%; МЗЖ ставкасы – 10%;

ӘА мөлшері = (Кіріс - МЗЖ) * ӘА ставкасы;

ӘА төленетін ең жоғары кіріс – 595 000 теңге (7 * 85 000 теңге);

төленетін ӘА (595 000 теңге * 5%) мөлшерінде =  29 750 теңге. (595 000 теңге* 5%).

 

4. АҚС бойынша ӘА төлеу мерзімі.

Жауап:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларының 16-1-тармағына сәйкес, төлеушілер кіріс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей салық агенттерімен жасалған АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін ӘА есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жүзеге асырады..

 

5. АҚС бойынша ӘА төлеуге арналған деректемелер.

Әлеуметтік аударымдарды аудару үшін деректемелер: Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

БСН: 160440007161

Бенефициар Банкінің БСК: GCVPKZ2A

Бенефициардың ЖСК: KZ67009SS00368609110

КБе – 11 (екі таңбадан тұратын бенефициар коды: 1-резиденттік белгісі 1-экономика секторы (мемлекеттік басқару органдары)

КНП 012 – әлеуметтік аударымдар

КНП 017 – әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

Төлемнің мақсаты: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ға _________ үшін (әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып) әлеуметтік аударымдар.

 

6. АҚС бойынша артық төленген ӘА сомалары қайтару бойынша ерекшеліктер.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап,  егер төлеуші АҚС шарты бойынша кіріс алатын жеке тұлға үшін артық (қате) төленген ӘА және (немесе) өсімпұлды қайтаруды жүргізген жағдайда, онда өтінішке осындай жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімі қоса берілуі қажет.

Цифрлық үкімет порталында төлеуші сұрау салуды АҚС шарты бойынша кіріс алатын жеке тұлғаның жеке кабинетіне жіберу жолымен алынған келісімді бекітеді.

Егер АҚС шарты бойынша кіріс алатын жеке тұлға порталда өзінің жеке кабинетіне келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өз келісімін бермесе, онда портал қайтару жөніндегі мемлекеттік қызметті аяқтайды.

 

7. Егер жеке тұлға салық агентінен және АҚС шарты бойынша кірістер және өзге де кірістер алса (мысалы, жұмыскер болып табылса және АҚС бойынша қосымша кіріс алса) салық салу объектісі мөлшерінің шектеулерін қалай қолдануға болады: салық агентінен жеке тұлғаның барлық кірістерінің сомасына ма (жұмыскердің кірісі + АҚС бойынша кіріс) немесе белгілі бір түрдегі барлық кірістердің сомасына бөлек пе (қызметкердің кірісі бойынша шекті шектеулерді жеке және АҚС-тан түскен кірісі бойынша бөлек қолдану).

Жауап:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларының 10-1 тармағына сәйкес нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлға бір мезгілде оның жұмыс берушісі болып табылатын төлеушіден кіріс алған кезде, шектеу бір төлеушіден алынған жалпы кіріске қолданылады. Бұл ретте, жалпы кіріске белгіленген шектеу бірінші кезекте, жұмыс берушіден алынған кіріске қолданылады.

 

8. АҚС бойынша ӘА-ды қандай мерзімде төлеу қажет, оның ішінде егер шарт бойынша қызметтер бір кезеңде көрсетілген болса (орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылса, табыс есептелсе), ал ақшалай қаражатты нақты аудару басқа кезеңде орындалған жағдайда (кіріс төлеу).

Жауап:

Орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін АҚС шарттары бойынша түпкілікті есеп жұмыс нәтижесі тапсырылғаннан немесе қызмет көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

Орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер  актісі  жұмыстардың нәтижесін қабылдау фактісін растау болып табылады..

Осылайша, кіріс алу кезеңі орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күнге сәйкес келетін ай болып табылады.

Салық агенттері өздерімен жасалған АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін ӘА есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды кіріс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, яғни орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісі бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін жүзеге асырады.

 

9. Қандай жеке тұлғалар үшін АҚС бойынша ӘА төлеудің қажеті жоқ (кім босатылған? шетелдіктердің жеке тұлғаларына, мысалы, қашықтықтан қызмет көрсететіндерге ақы төлеу керек пе).

Жауап:

ҚР Әлеуметтік Кодексінің 243-бабына сәйкес әлеуметтік сақтандыру қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты  тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарымен  тең дәрежеде Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында көзделген зейнеткерлік жасқа толған адамдар (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас) міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Чат-бот

Государственный фонд социального страхования

×
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!
1
Қазақ тілін таңдау үшін
2
Для выбора русского языка