Часто задаваемые вопросы по уплате СО и пени
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша сұрақтарға жауап
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша сұрақтарға жауап
1. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу тәртібі бар ма?
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген
2. Әлеуметтік аударымдарды кімдер төлейді?
Әлеуметтiк аударымдарды:
- жұмыс берушiлер;
- дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары;
- Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен көзделген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
- жеке практикамен айналысатын адамдар;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру бойынша қызметтер көрсететін жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар және жергілікті атқарушы органдар;
- интернет-платформа операторлары төлейді.
3. Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің міндеттері қандай?
Төлеуші: 1) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2) әлеуметтік аударымдар сомасын есептеуді және қайта есептеуді, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбеген жағдайда өсімпұлды есептеуді өзі дербес жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әрбір қатысушы бойынша есептелген және төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларының бастапқы есебін жүргізуге;
5) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тиісті кезең үшін өзіне тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабардар етілген кезде Қорға төленетін әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы мәліметтерді оған ұсынуға;
6) Қордың сұрау салулары бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) беруге;
7) мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша Әлеуметтік Кодекстің 256-бабында белгіленген тәртіппен өз пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға;
8) Әлеуметтік Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4. Әлеуметтік аударымдар кімдер үшін төленеді?
Әлеуметтік аударымдар:
1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
5) бірінші топтағы мүгедектерге қолдау көрсететін жеке көмекшілер;
6) Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен көзделген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларға;
7) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар төленеді.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің резидент емес жеке жұмыскерлері үшін әлеуметтік аударымдар төленуі керек пе?
ҚР Әлеуметтік кодексінің 2-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттар ҚР Әлеуметтік кодексінен басым болады.
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес мүше-елдер еңбеккерлері мен отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) (зейнетақыдан басқа) еңбекке орналасқан мемлекеттің азаматтары сияқты тәртіппен және жағдайда жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 96-бабына сәйкес мүше мемлекеттің еңбекшісі - мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын адам;
6. Әлеуметтік аударымдарды төлеуден кімдер босатылған?
Жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар әлеуметтік аударымдарды төлеуден босатылған: ерлер - 63 жас, әйелдер - 61 жас.
7. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі қандай?
Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі:
- за участников системы обязательного социального страхования – 5% от объекта исчисления социальных отчислений;
- Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен көзделген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар үшін - ӘА есептеу объектісінен 1% мөлшерінде;
- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін - ӘА есептеу объектісінен 1% мөлшерінде;
- бірыңғай төлем құрамында әлеуметтік аударымдарды төлеуді таңдаған салық агенттері үшін - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5% мөлшерінде белгіленеді.
8. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі қалай айқындалады?
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі:
1)жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін:
қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін:
жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын, салықтық кезең үшін есептелген кірісі
республикалық бюджет туралы заңда тиісті
бір төлеушіден айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс
республикалық бюджет туралы заңда тиісті
салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 429-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.
Жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылуы енгізіледі.
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
өзі және шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелері үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы болып табылады.
жалдамалы жұмыскерлер үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.
3) салық агенттерімен жасасқан АҚС шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін:
Әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістердің тізбесі ҚР Әлеуметтік кодексінің 245-бабының 7-тармағында белгіленген.
республикалық бюджет туралы заңда тиісті
бір төлеушіден айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс
республикалық бюджет туралы заңда тиісті
қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының (ЕТЖ) 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру бойынша қызметтер көрсететін жеке көмекшілер үшін:
жергілікті атқарушы органдар және өзге де заңды тұлғалар төлейтін материалдық пайда.
5) Бірыңғай төлемді төлеушілер үшін:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 821-бабында айқындалған қызметкердің кірісі.
Бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
6) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар үшін:
осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырған есепті айда алған кірісі
7) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін:
интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кіріс әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
9. Қандай кірістерден МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленбейді?
Әлеуметтік аударымдар жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекшінің кірісін қоспағанда, Қорға әлеуметтік аударымдар салық салу мақсатында жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын кірістерден төленбейді.
10. Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғарғы объектісі белгіленген бе?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төмендегі қатысушылары үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін;
2) дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері үшін;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасалған АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін;
5) Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен көзделген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;
6) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін;
7) әлеуметтік аударымдарды төлеу бірыңғай төлем құрамында жүзеге асырылатын жұмыскерлер үшін.
2026 жылы: ЕТЖ = 85 000 теңге. Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғары объектісі: 7 * 85 000 теңге = 595 000 теңге.
11. Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең төменгі объектісі белгіленген бе?
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған жалақының ЕТЖ кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төмендегі қатысушылары үшін ЕТЖ негізге алына отырып есептеледі, төленеді:
1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін;
2) дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері үшін;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға
2026 жылы: ЕТЖ = 85 000 теңге. Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең төмен объектісі: 1 ЕТЖ = 85 000 теңге.
12. Әлеуметтік аударымдарды төлеу қалай жүргізіледі?
Төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып ай сайын төлейді.
Қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын әлеуметтік аударымдарды төлеу күні – банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтік аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол нысанда төлеушінің банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтік аударымдарды енгізген күн болып есептеледі.
Төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды төлеуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша жиынтық төлем тапсырмасымен және оператор немесе төлем жүйелерінің операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында жүзеге асырылады (бұдан әрі – жиынтық төлем тапсырмасы).
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша жиынтық төлем тапсырмасында тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН); әлеуметтік аударым сомасы; әлеуметтік аударым төленетін кезең (ай, жыл) көрсетіледі.
Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді төлеушілер "Төлем мақсаты" бағанында көрсетеді.
Егер төлеуші өзінің орналасқан жерінен тыс орналасқан құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік аударымдарды жүзеге асырған жағдайда, әлеуметтік аударымдарды төлеу құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
13. Басқа есепті кезеңге ауыстыра отырып, артық төленген әлеуметтік аударымдар сомасын түзетуге бола ма?
Әлеуметтік аударымдарды төлеуші ай сайын кезеңді, яғни әр айды бөлек көрсете отырып төлейді.
Артық төленген немесе аз төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын түзету және есепке жатқызу ҚР Әлеуметтік Кодексінде көзделмеген.
Егер төлеуші МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды артық (қате) төлеген жағдайда, ол міндетті түрде әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруы қажет.
Бұл әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының ай сайынғы кірістері ескерілетіндігіне байланысты.
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомаларын қайтаруды жүзеге асыру тәртібі мен қажетті құжаттармен Сіз МӘСҚ www.gfss.kz интернет-ресурсындағы «ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР/АРТЫҚ (ҚАТЕ) ТӨЛЕНГЕН ӘА және (немесе) ӨСІМПҰЛДЫ ҚАЙТАРУ» бөлімінде танысып және жүктей аласыз.
14. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу қалай жүргізіледі?
Төлеушілер әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешектi төлеуді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, кезең (ай (айлар), жыл (жылдар) үшін жүргізедi.
ҚР Салық Кодексінің 101-1 бабында көрсетілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешектi арнайы мобильді қосымшаның чектері негізінде орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы алу кезеңіндегі табыстан есептеледі және төленеді.
Өсімпұлды есептеуді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында «Электрондық сервистер» бөлімінде жүргізуге болады https://kgd.gov.kz/ru/calc/fine.
15. Төленген әлеуметтік аударымдар сомасы төлеушіге неге қайтарылды?
Төлеушілер әлеуметтік аударымдарды және өсімпұл сомаларын Қорға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы аударады.
Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бойынша әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшiн өсiмпұлдарды келесі жағдайларда автоматты түрде қайтарады:
1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;
2) жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адам: ерлер - 63 жас, әйелдер - 61 жас;
3) ол үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен артық төленген. 2026 жылы – 29 750 теңге = 5% х (7 х 85 000теңге);
Төлеуші болып табылмайтын жеке тұлғалар төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл да қайтаруға жатады.
16. Төлеуші аударылған әлеуметтік аударымдар сомасы туралы ақпарат алу үшін қайда жүгінеді?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл туралы ақпарат алу үшін төлеуші өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
Өтініш нысанын «ӘЛЕУМЕТТІКАУДАРЫМДАР/ТӨЛЕУШІНІҢ ӘА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨСІМПҰЛ СОМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛУЫ» бөлімінен жүктеуге болады.
17. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары туралы ақпаратты қанша уақытта дайындайды?
Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік аударымдардың жай күйі мен қозғалысы туралы ақпарат дайындайды және оны төлеушіге қағаз түрінде береді
18. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты қайдан алады?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін ыңғайлы тәсілдердің бірімен жүгіне алады:
- сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаты бар Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен (https://gov4c.kz/ru/contacts/adresa/сілтеме бойынша мекенжайлар);
- сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен МӘСҚ филиалдарына өтінішпен (http://gfss.kz/#/contacts/branchesсілтеме бойынша мекенжайлар);
- www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып сұрау салу жолдау арқылы;
- Кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде (мысалы: Kaspi.kz, Halyk Bank).
Өтініш нысанын «ӘЛЕУМЕТТІКАУДАРЫМДАР/«МӘСЖ ҚАТЫСУШЫҒА ӘА ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ» бөлімінен жүктеуге болады.
19. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат өзі жүгінген кезде қанша уақытта беріледі?
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Мемлекеттік корпорацияға және Қордың филиалдарына жеке басын куәландыратын құжатпен (сәйкестендіру үшін) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе портал арқылы сұрау салу жіберу жолымен жүгінеді.
20. Қандай жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алудан бас тартылады?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы қолданылу мерзімі өткен құжатты ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның, Қордың қызметкері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
21. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға әлеуметтік аударымдар қай кезеңнен бастап төленеді?
Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша (АҚС) кірістер алатын жеке тұлғалар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
22. АҚС бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды кім төлейді?
Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін Қорға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері әлеуметтік аударымдарды төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында сәйкес, салық агенті – бұл осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды және (немесе) бірыңғай төлемді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлға, сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы.
23. АҚС бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар қандай кірістерден жүзеге асырылады?
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі Қорға ӘА төленбейтін кірістерді қоспағанда, АҚС шарт бойынша алынатын кіріс сомасы болып табылады.
Әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістердің тізбесі ҚР Әлеуметтік кодексінің 245-бабының 7-тармағында белгіленген.
республикалық бюджет туралы заңда тиісті
бір төлеушіден айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс
республикалық бюджет туралы заңда тиісті
қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының (ЕТЖ) 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса,
онда олар өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен әлеуметтік аударымдарды төлейді.
24. Платформалық жұмысқа қатысушы тараптар кімдер?
Платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:
1) интернет-платформаның операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) орындаушы – интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
25. Тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе интернет-платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын интернет-платформада тіркелген орындаушыларға әлеуметтік аударымдардың қандай мөлшерлемелері қолданылады?
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін төлеуге жататын әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі - ӘА есептеу объектісінен 1% мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кіріс әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
Әлеуметтік Кодексттің Кодекстің 207-бабының 1 тармағында белгіленген адамдар үшін Оператор әлеуметтік аударымдарды төлеуден босатылады (ерлер - 63 жас, әйелдер - 61 жас.)
27. Оператор әлеуметтік аударымдарды қашан аударуы керек?
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын аударуды Оператор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, орындаушылар бойынша ақпаратты қоса бере отырып жекелеген төлем тапсырмаларымен жүргізеді.
28. Оператор төлеген әлеуметтік аударымдар қандай жағдайларда қайтарылады?
Мемлекеттік корпорация Оператордың банк шотына қайтару себебін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді қайтаруды жүзеге асырады:
деректемелерінде қателіктер жіберілген Орындаушы үшін.
әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылған Орындаушылар үшін.
орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомалары ҚР ҚМ МКК деректері бойынша төленуге есептелген әлеуметтік төлемдер сомаларынан аз төленген жағдайларда (сомаларды толық қайтару);
орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомалары ҚР ҚМ МКК деректері бойынша төленуге есептелген әлеуметтік төлемдер сомаларынан артық төленген жағдайларда (сомадан асатын мөлшерде ішінара қайтару);
есептелген әлеуметтік төлемдер сомалары бойынша ҚР ҚМ МКК-ден деректер жоқ орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеген жағдайда (сомаларды толық қайтару);
көрсетілген ставкаға сәйкес келмеген және (немесе) орындаушылар бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындауларында болмаған жағдайларда (сомаларды толық қайтару).
Оператор жіберілген қателерді түзету бойынша үш жұмыс күні ішінде шаралар қабылдайды және ҚР ҚМ МКК деректері бойынша төлеуге есептелген әлеуметтік төлемдер сомасын аударады.