Жалғыз акционер
Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады.
Қордың жалғыз акционерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген шектеулерді ескере отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
Қордың бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне берілді.